Маусым 2017

Жаз - демалыс кезі

Құрметті оқытушылар, қызметкерлер, студенттер!

«Сібі» демалыс базасына жолдамаларды №3 оқу ғимаратының, 306 кабинетінен алуға болады.

Жолдаманың бағасы -15 мыңнан- 30 мыңға дейін.

Анықтама тел. 540-708; 8-705-416-87-87; 8-702-583-71-99.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлімі

Қазақ

QazaqGeography сіздерді «Хан Қорық» жастар фестиваліне қатысуға шақырады - 24-30 шілде

«Хан - Қорық» жастар фестивалі – жастардың бойындағы Отанға, тарихқа, мәдениетке деген махаббатын арттыруға бағытталған QazaqGeography –мен өткізілетін жыл сайынғы іс-шара. Фестивальге Қазақстан ЖОО студентері және байқау нәтижесінде іріктелген QazaqGeography-ның мүшелері қатысады. Фестиваль мақсаты жастарды ұлы даланың, еліміздің табиғи қорықтармен, тарихи-мәдени ескерткіштерімен таныстыру болып табылады.

Қазақ

Хабарландыру

Ұлы даланың сырлы сазын әнмен жеткізген композиторлар

Теміржан Базарбаев пен Бекен Жамақаев атындағы

 I  ән фестивалінің

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ереже:

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы 2017 жылы 5 шілдеде композиторлар Теміржан Базарбаев пен Бекен Жамақаев атындағы I әншілер фестивалін өткізеді.

Қазақ

АҚ және ТЖ штабы: «Судағы жүріс-тұрыс ережесі»

1 маусымда шомылу маусымы басталды. 1 маусымнан студенттік каникул және оқытушылардың, қызметкерлердің жазғы демалыстары маусымы басталады.

Абай болыңыздар, судағы жүріс-тұрыс ережелерін сақтаңыздар. Бұл сіздерге қатерлі зардаптардың алдын алуға көмектеседі және туғандарыңыз бен жақындарыңызға қасірет әкелмейді. Су жақсы жүзе алатындар үшін, судағы жүріс-тұрыс ережесін және сақтықты сақтайтындар үшін қорқынышты емес. 

Қазақ

Университеттің әдістемелік кеңесінің кезекті отырысы

2017 жылының 20 маусымында сағат 15-00 де, №5 ОҒ 106 аудиториясында университеттің әдістемелік кеңесінің кезекті отырысы өткізіледі.

Кеңесте қаралатын сұрақтар:

«Студенттерді тәжірибеге бағытталған оқыту мақсатында кафедра филиалдарының жұмысын ұйымдастыру», «Біліктілік талабының нормаларына сәйкес әдебиеттер қорының жаңаруы және университетте шығарылған оқу-әдістемелік әдебиеттерінің қолдану тиімділігі», «2017-2018 оқу жылына университет әдістемелік кеңесінің құрамын қарастыру».

Қазақ

ЭКСПО-2017 ойын-сауық бағдарламасы (жаңартылған)

ЭКСПО-2017 ойын-сауық бағдарламасы (жаңартылған)

 vsobolev.com  сайтында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі ойын-сауықтық бағдарламасы назарға ұсынылды. 

10 маусым-2 қыркүйек аралығындағы бағдарламада мәдени іс-шаралар көрініс табады. Бұл әлі де толық емес, алдағы уақытта тағы да толықтырулар енгізілетін болады. 

 vsobolev.com

Қазақ

Тұрақты жұмыс істейтін әдістемелік семинар мүшелерінің назарына!

Тұрақты жұмыс істейтін әдістемелік семинар мүшелерінің  назарына!

2017 жылдың  6 маусымында тұрақты жұмыс істейтін әдістемелік семинардың қорытынды отырысы өтеді.
Бағдарламада:

1.2016-2017 оқу жылының ТЖІӘС жұмысын қорытындылау.

2.ТЖІӘС дәріскерлеріне және белсенді қатысқандарға сертификат тапсыру.

 Семинарды өткізу уақыты мен орны: №1 оқу ғимараты, аудитория №207, сағат 12.00.

Қазақ

Қазақстан Республикасының Президентімен бекітілген шәкіртақыға конкурс

Қазақстан Республикасының Президентімен бекітілген шәкіртақыға конкурс

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 14.03.2017. ж «2017 жылға жоғарғы оқу орындарына Қазақстан Республикасы Президентінің шәкіртақысын тағайындау» №116 бұйрығы негізінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға 20 шәкіртақы бөлінді.

Конкурска күндізгі оқу бөлімінің ақылы және бюджет негізінде оқитын, оқу үлгерімі «өте жақсы» (А,А-) 3-4 (5) курс студенттері қатыса алады.

Конкурска қатысу үшін үміткерлерге өз деканаттарына барып, келесі құжаттарды тапсыру қажет:

Қазақ

Злин қ. Т. Бати атындағы университетінде «Free Mover Exchange Program» бағдарламасы аясында бір семестр көлемінде білім алуды ұсынады

Злин қ. Т. Бати атындағы университетінде «Free Mover Exchange Program» бағдарламасы аясында бір семестр көлемінде білім алуды ұсынады.

Семестр -2017 жылдың 1 қыркүйек айында басталады.

Дедлайн-2017 жылдың 15 маусымында.

Барлық сұрақтарыңыз жөнінде халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласыңыздар.

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі

Қазақ
× You found a Typo