26 қазан күні сағат 14.00-16.00 аралығында кітапханада Семе қаласындағы Абай атындағы кітапхананың сирек қорында сақталған өткен ғасырда латын қарпінде басылып шыққан газет-журналдардан көрме өтеді.
Көрмеде латын қарпіндегі Абайдың «Қара сөздері», С. Мұқанов, Б. Майлин, С.Сейфуллин, Ж. Жабаев, Н. Гогольдің шығармалары, «Лениншіл жас», «Екпінді Алтай», «Түрксіб» газеттері, «Әдебиет майданы », «Комсомол пропагандисі» журналдары, сондай-ақ, татар тіліндегі кітаптар ұсынылған.