Қараша 2017

Тұрақты жұмыс істейтін әдістемелік семинар мүшелерінің және барлық мүдделі оқытушылар мен қызметкерлердің назарына!

29 қараша тұрақты жұмыс істейтін әдістемелік семинар аясында «Студенттердің жетістіктерін критериалды және қалыптастырушы бағалау жүйесі» тақырыбында кезекті оқыту семинары өткізіледі.

Дәріскер - Паньшина Татьяна Викторовна, п.ғ.к., педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының доценті.

Семинарды өткізу уақыты мен орны: №1 оқу ғимараты, №139 аудитория, сағат 16.00.

Әдістемелік жұмыс, іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімі

Қазақ

29 қараша - ШҚМУ доценті Л.И.Абдуллинаның жаңа кітабының презентациясы өткізіледі

ҚР Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында – 2017 ж. 29 қарашада сағ. 15.00-де А.С.Пушкин атындағы кітапханада С.Аманжолов атындағы ШҚМУ доценті Л.И.Абдуллинаның жаңа кітабының презентациясы өткізіледі.

Қазақ

«Қазақстанның 100 жаңа келбеті»: Жерлестерімізге дауыс бер!

Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «100 жаңа есім» жобасын жасауды ұсынды. Бұл жобада елеулі табыстарға жеткен және қоғамның дамуына үлес қосқан адамдардың тарихы көрсетілген.

Конкурска қатысушылардың қатарында, біздің әріптесіміз, физико-математика ғылымдарының кандидаты, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Ұжымдық қолданыстағы ұлттық зертханасының инженер-зерттеушісі Альмира Жилкашинова  бар.

Қазақ

25 қараша - Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтетін пікірталас сайысының тақырыбы: «Үш тілді білу – табысты өмірдің жолы»

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтетін пікірталас сайысының тақырыбы: «Үш тілді білу – табысты өмірдің жолы»

Күні: 25 қараша.

Сағат: 15:00.

Өтетін орны: Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы, Тоқтаров көшесі, 47

Ұйымдастырушылар: Достық үйі - қоғамдық  келісім орталығы

Қазақ

Астана қаласынан келген казақстандық сарапшы Меңлібекова Г. Ж. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-де «Педагогтің зерттеушілік іс-әрекетін дамыту» тақырыбындатренингті 20 – 24 қараша күндері аралығындаөткізеді

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-де «Педагогтің зерттеушілік іс-әрекетін дамыту» тақырыбындатренингті Студенттерді оқыту бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің қолдауымен Назарбаев Университеті білім берудің Жоғарғы білім мектебі отандық және шетелдік мамандар бастамасымен.

Қазақ

ШҚМУ шетелдік және отандық эксперттердің өткізуімен болып жатқан білім беру саласындағы тренингтер жалғасын табуда - 20-24 қараша

Жоғарғы оқу орны студенттеріне отандық және шетелдік мамандардың жетекшілік етуімен, ҚР білім және ғылым министрлігінің қолдауымен, білім берудің Жоғары мектебі Назарбаев университетінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан Студенттерді оқыту Бағдарламасы аумағында, 20-24 қараша аралығында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ педагогикалық мамандықтарда оқитын студенттері және оқытушыларына арналған «Білім беру саласында лидерлікті дамыту» тақырыбында кезекті тренингтер өткізілу жоспарланып отыр.

Қазақ

20 қараша ШҚМУ де «Орта білім беру жүйесінде мектептегі көшбасшылықты дамыту» тақырыбына тренинг басталады

20 қараша С.Аманжолов атындағы ШҚМУ де «Орта білім беру жүйесінде мектептегі көшбасшылықты дамыту» тақырыбына тренинг басталады.

Тренингті білім беру саласының халықаралық деңгейдегі тәжірибелі маманы Малкольм Пейтон (Англия) өткізеді.

Семинарға ағылшын тілін (CEFR бойынша) В1+ ден бастап және одан жоғары деңгейде меңгерген оқытушылар мен педагогикалық мамандықтарда оқитын студенттер шақырылады.

Шараның өткізілетін орны: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ №1 оқу ғимараты, 30-Гвардиялық дивизия көшесі, 34, 207 дәрісхана.

Қазақ

Тұңғыш Президент Күні қарсаңында - 16 қарашада

16 қарашада 15.00-де, Тұңғыш Президент Күні қарсаңында А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада Елбасының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласының алға бастайтын негізгі ережелері көрсетілген кең әдеби экспозиция ашылады.

Ашылу салтанатына мемлекеттік қызметкерлер, мәдениет, білім өкілдері, студенттер мен қала қауымдастығы қатысады.

А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

Қазақ

Беттер

× You found a Typo