Мамыр 2018

«Саяси қуғын-сүргін естеліктерінің жаңғырығы» атты аймақтық семинар - 31 мамыр

 2018 жылдың 31 мамыр күні С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің №1 оқу ғимаратында «Саяси қуғын-сүргін естеліктерінің жаңғырығы» атты аймақтық семинар өткізіледі. Аймақтық семинар «Саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы  естелік (1920 – 1950 жж.) және оның Қазақстанның сакральдық ландшафтында бекітілуі (Шығыс Қазақстан негізінде)» атты ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым Комитеті гранты бойынша ғылыми жобаны жүзеге асыру шеңберінде жоспарланды (ғылыми жетекші: т.ғ.д., профессор А.С. Жанбосинова).
Қазақ

«Мемлекеттік рәміздер – менің мақтанышым!» атты шығарма жазу сайысы - 31 мамыр

2018 жылдың 31 мамыры күні сағат 10.00-де Жоғарғы колледждің ұйымдастыруымен №3 оқу ғимаратының 307 дәрісханасында «Мемлекеттік рәміздер – менің мақтанышым!» атты шығарма жазу сайысы ұйымдастырылады.

Іс-шараға қызығушылық білдірген барлық оқытушылар мен студенттерді қатысуға шақырамыз!

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлім

Қазақ

Астананың 20 жылдығына арналған жеңілатлетикалық жүгіру - 30 мамыр

30 мамырда елордамыз Астананың 20 жылдығына арналған жеңілатлетикалық жүгіру болады. Шараға университет оқытушылары мен студенттері қатысады.

Жиналу уақыты: 10.30

Сөре: Қазақстан тауының етегінде 11.00-де, 

Өтетін орны: Қазақстан тауы

Қазақ

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ педагогикалық емес мамандық студенттеріне арналған бос орындар жәрмеңкесі

23 мамырда 15.00-де, №1 оқу ғимаратында педагогикалық емес мамандықтарына 4 курс студенттеріне арналған бос орын жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде Өскемен қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері қатысады. Студенттерде жұмыс берушілермен сұхбаттасу және жұмыс таңдау мүмкіндігі болады.

Барлық мүделлі тұлғаларды іс-шараға қатысуға шақырамыз.

Студенттердің өзімен резюмелері болуы керек.

Әдістемелік жұмыс, іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімі

 

 

Қазақ

«Ресей – Қазақстан: мәдениетаралық диалог жаһандану кезеңіндегі мәдениетті дамыту факторы ретінде» халықаралық дөңгелек үстелі - 25 мамыр

25 мамырда сағат 11.00-де С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың №1 корпусында «Рухани жаңғыру» конференц-залында «Ресей – Қазақстан: мәдениетаралық диалог жаһандану кезеңіндегі мәдениетті дамыту факторы ретінде» халықаралық дөңгелек үстелі өтеді.

Қазақ

Астанананың 20 жылдық мерейтойына орай үш тілді жетік меңгерген елорда құрдастарының арасында «Менің лингвистикалық капиталым» атты сөз фестивалі - 8 маусым

«Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ 2018 жылдың 8 маусымында ел ордасы Астанананың 20 жылдық мерейтойына орай үш тілді жетік меңгерген елорда құрдастарының арасында «Менің лингвистикалық капиталым» атты сөз фестивалін өткізеді. Байқауға  20  жастағы жастар қатыса алады. Байқауға қатысу үшін өтінімдерді 2018 жылдың 25 мамырына дейін zh.zhumataeva@akimvko.gov.kz электрондық поштасына жіберулеріңізге болады.

Қазақ

ЕГЕР СІЗ,ҚАЛАМЫЗДЫҢ ГҮЛДЕНІП,КӨРКЕЮІН ҚАЛАСАҢЫЗ, БІЗДІҢ ҚАТАРҒА ҚОСЫЛУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

ЕГЕР СІЗ,ҚАЛАМЫЗДЫҢ ГҮЛДЕНІП,КӨРКЕЮІН ҚАЛАСАҢЫЗ, БІЗДІҢ ҚАТАРҒА ҚОСЫЛУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

«Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары еңбек еткісі келетін 16 мен 29 жас аралығындағы жастарды жазғы маусым мезгілінде жұмыс жасауға шақырады. 
Өтініштер Жастар ісі жөніндегі комитетте (КДМ) қабылданады, №3 оқу ғимараты, 304 дәрісхана. 
Байланыс телефондары: +7 776 406 97 97, +7 777 526 46 07.

КДМ

 

Қазақ

ЖИТС-тен көз жұмғандарды еске алу күніне орай «Қайырымдылық марафоны» - 20 мамыр

Құрметті студенттер!

Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының (СПИД) алдын алу және онымен күресу жөніндегі «Answer» қоғамдық қоры ЖИТС-тен көз жұмғандарды еске алу күніне орай «Қайырымдылық марафоны» іс-шарасына қатысуға шақырады.

Мақсаты: Адамның иммундық тапшылық вирусымен (ВИЧ) инфекцияланған балаларға қайырымдылық көмек көрсету.

Өтетін орны және қозғалыс бағыты: Марафон маршруты – Қабанбай батыр к. – Новаторлар к., Ертіс жағалауы (жаяу жүргіншілер аумағы).

Қазақ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

2018 жылдың 24 мамырында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Жоғарғы мектептегі инклюзивті білім беру: жағдайы мен даму болашағы» атты Аймақтық ғылыми-әдістемелік семинар өтеді.

Қазақ

Беттер

× You found a Typo