Мамыр 2018

Ректордың «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша оқып жатқан 4 курс студенттерімен жұмыспен қамту мәселелері бойынша кездесуі – 11 мамыр

11 мамырда, сағат 14.40-та, №1 оқу ғимаратының 111 дәрісханасында ректордың «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша оқып жатқан 4 курс студенттерімен жұмыспен қамту мәселелері бойынша кездесуі өтеді.

Тәрбие жұымысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі

Қазақ

«Психология ғылымындағы заманауи үрдістер: жаңа оқулықтар авторларының көзқарасы» дөңгелек үстелі – 11 мамыр

11 мамырда, сағат 16.00-де, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Зияткер» ғылыми-білім беру орталығында «Психология ғылымындағы заманауи үрдістер: жаңа оқулықтар авторларының көзқарасы» дөңгелек үстелі өтеді.

 

«Зияткер» ҒБО

Қазақ

Өскемендегі мерекелік іс-шаралар – 9 мамыр

Өскемендегі мерекелік іс-шаралар 

9.00-ден Өзен вокзалында «Қаһарман ұлт» акциясына қатысушылар жинала бастайды.

10.00-де шеру Даңқ мемориалын бетке алады, ол жерде сағат 11.00-де Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

11.30-да дәстүрге сай «Бипэк Авто – Азия Авто Қазақстан» компаниялар тобы әскери-тарихи реконструкция мұражайын ұсынады:

Қазақ

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығына арналған «Мәңгілік полк» кең көлемді акциясы 9 мамырда Өскемен қаласында өтеді

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығына арналған «Мәңгілік полк» кең көлемді акциясы 9 мамырда Өскемен қаласында өтеді.

Акцияға Ұлы Отан соғысы қатысушыларының, тыл еңбеккерлерінің, партизандардың, Қарсылық жауынгерлерінің, концлагерьлер тұтқындарының, блокадашылардың туыстары қатысады.

Қатысушылар сағат 9-да Өзен вокзалына жиналады.

Шерудің басталуы – сағат 10-да, Славский атындағы жағалау бойымен Даңқ мемориалына дейін.

Сағат 11-де – Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі.

 Өскемен әкімідігі

Қазақ

Құрметті оқытушылар және студенттер!

Құрметті оқытушылар және студенттер!

4  мамыр күні сағат 15.00- де әкімшілік ғимаратында Ұлы  Жеңіс күнінің 73 жылдығына  арналған «Ұрпақтарға ұран болған Ұлы Жеңіс» салтанатты концертін тамашалауға шақырамыз. 

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлімі

Қазақ

Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған «Мен – Қазақстанның патриотымын» дәстүрлі акциясы – 1 мамыр

1 мамырда Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған «Мен – Қазақстанның патриотымын» дәстүрлі акциясы өтеді.

Республика алаңына жылжитын шеруге қатысу үшін студенттер мен оқытушылар сағат 9-да Астана көшесіндегі емхана алдына жиналуы тиіс.

Ректорат

Қазақ

Беттер

× You found a Typo