Желтоксан 2018

Жаңа жылыңызбен!

 

Жаңа жылыңызбен!

Ж – жетістіктерге жете беріңіз,

А – адалдықтан айнымаңыз,

Ң – еҢ бірінші болыңыз,

А – армандарыңыз орындалсын.

 

Ж – жаңа жылда

Ы – ырысыңыз мол болсын,

Л – лайықты оқып,

Ы – ыждаһатпен еңбек етіңіз,

Ң – жүрегіҢіз жылудан айырылмасын,

Ы – ыстық ықыласықа бөлене беріңіз,

Қазақ

Құрметті әріптестер!

 

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Жаңа 2019 жылыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Келер Жаңа жыл барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, жетістіктерге толы болып, мол табыс әкелсін!

Біздің бірлескен жұмысымыз нәтижелі, тиімді болып, қажетті бағытта дами берсін!

Ізгі тілекпен, маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

Қазақ

Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің барлық оқытушыларын, қызметкерлері мен студенттерін «2018 жылдың үздік факультеті» атағына ие болуымен, биология кафедрасын үздік кафедра атануымен және Квеглис Людмила Иосифовнаны «жылдың үздік зерттеушісі» номинациясын жеңіп алуымен құттықтаймыз! Жаңа 2019 жылы біздің университеттің игілігі үшін жаңа табыстар мен жетістіктер тілейміз.

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің жастар ісі бөлімінің төрайымы белсенді студенттерді алғыс хатпен марапаттады. Құттықтаймыз!

Қазақ

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «SANALY URPAQ» жобасын іске асыру бойынша фронт-офистің ашылу бағдарламасы - 26 желтоқсан

 

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «SANALY URPAQ» жобасын іске асыру бойынша фронт-офистің ашылу бағдарламасы

Өтетін күні және уақыы: 2018 жылдың 26 желтоқсаны, сағат 11:00.

Өтетін орны: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, №5 оқу ғимараты,Қазақстан көшесі, 55

 

 

Қазақ

Философия докторы ғылыми дәрежесін алуымен құттықтаймыз!

Философия докторы ғылыми дәрежесін алуымен құттықтаймыз!

Экология және география кафедрасының оқытушысы  Женсикбаева Назгуль Жаныбековны 6D060900- География мамандығы бойынша философия докторы  (PhD) ғылыми дәрежесін алуымен құттықтаймыз!

Өміріңізде бақытты және жарқын күндеріңіз көп болсын! Ғылыми және кәсіби қызметте шығармашылық табыстар, алға қойған мақсаттарыңызға жетуде жігерлілік және сенімділік тілейміз!

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі

Қазақ

Ел Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған «Елім деп ән салам» концерті – 22 желтоқсан

Ел Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған «Шығыс жұлдыздары» мен «Ақ босаға» ансамбльдерінің бірлескен концерті 22 желтоқсанда сағат 15:00-де «Ертіс концерт» залында өтеді.

«Ақ босаға»  ансамблінің құрамында ардагер мұғалімдер, дәрігерлер, зейнет жасындағы мәдениет саласының қызметкерлері, ал «Шығыс жұлдыздар» ансамблінің құрамында Шығыстың өнер жұлдыздары – мәдениет қайраткерлері Майра Арғынбекова, Тойжамал Тащанова, Гуля Қасенова, республикалық конкурстардың лауреаттары Гүлнара Перкова, Шолпан Лақаева, Абаш Кәкенов, Қанат Ниязбеков және басқалар.

Қазақ

«Кітапхана түні» акциясы - 21 желтоқсан

Кітапханадағы қысқы түн

А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Жаңа жылдық мереке қарсаңында. 21 желтоқсан күні сағат 18.00-23.00 аралығында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ ШҚОФ бастамасымен «Кітапхана түні» акциясы ұйымдастырылады.

Қазақ

Дөңгелек үстел «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытуда «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша шыққан кітаптарды пайдаланудың әдістемелік мәселелері» - 20 желтоқсан

Дөңгелек үстел «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытуда «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша шыққан кітаптарды пайдаланудың әдістемелік мәселелері»

20 желтоқсанда «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытуда «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша шыққан кітаптарды пайдаланудың әдістемелік мәселелері» атты дөңгелек үстел өтеді.

Ұйымдастырушылар: Біліктілікті бекіту орталығы, әдістемелік жұмыс және іс-тәжірибе бөлімі.

Қазақ

Күршім ауданы әкімінің ШҚМУ студенттерімен кездесуі - 20 желтоқсан

20 желтоқсанда, 09.00-де ШҚМУ-дың № 5 әкімшілік ғимаратында Күршім ауданы әкімі мен әкімдігі өкілдерімен кездесеуі өтеді.
Сонымен қатар, кездесу барысында бос жұмыс орын жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарлмалар және азаматтық хал әктілерін тіркеу бөлімі, халықты жұмыспен қамту орталығы, білім беру бөлімі, ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімі, ветеринария бөлімі, кәсіпкерлер палатасының филиалы және орталық аудандық ауыруханасы өкілдері қатысады.

Қазақ

СҒЗЖ (НИРС) республикалық конкурсы

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының  СҒЗЖ (НИРС) жыл сайынғы республикалық конкурсының I кезеңіне қатысу үшін 2018 жылдың 20 желтоқсанға дейін қағаздық нұсқада («СҒЗЖ республикалық конкурсына» ережесіне сәйкес) Ғылыми-зерттеу жұмыстарының ұйымдастыру бөлімі  қабылдайды.

Анықтама келесі телефондар бойынша: 

+7 (727) 224 14 01

+7 702 910 30 05

ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімі

 

Қазақ

Беттер

× You found a Typo