Ақпан 2019

«С. Аманжолов атындағы ШҚМУ кәсіптік бағдар беру десанты»

2019 жылдың 21 ақпанынан бастап 2019 жылдың 30-шы наурызына дейін "Ашық Университет" жобасын жүзеге асыру аясында Өскемен қаласының мектептерінде "С. Аманжолов атындағы ШҚМУ кәсіптік бағдар беру десанты" акциясы басталады.

Осы акцияның мақсаты - 9-шы және 11-ші сынып оқушылары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы және болашақ кәсіби қызмет саласы мен оқу профилін таңдау барысында оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмыстарын көрсету.

Қазақ

25 жылдық мерейтойына орай Халықаралық ғылыми-техникалық орталық жас ғалымдарға сыйлық беру туралы хабарлайды

Хабарландыру

25 жылдық мерейтойына орай Халықаралық ғылыми-техникалық орталық жас ғалымдарға сыйлық беру туралы хабарлайды.

Сыйлық мақсаты-әлемдік және аймақтық қауіпсіздік саласындағы үздік жұмыстары үшін жас ғалымдарды, зерттеушілер мен инженерлерді ынталандыру.

Қазақ

«ЖАС STAR» жастар фестивалі – 23 ақпан

«ЖАС STAR» жастар фестивалі – 23 ақпан

Қазақ

21 ақпан – Өскемен қаласының халықты жұмыспен қамту орталық өкілдері ППжМ факультетінің «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасы бойынша оқып жатқан студенттерімен кездесу өткізеді

2019 жылдың 21 ақпанда, 16.00-де, №1 оқу ғимараты, 111 ауд. Өскемен қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдерінің қатысуымен ППжМ факультетінің «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасы бойынша 3 және 4 курста оқып жатқан студенттерімен кездесу өтеді. Кездесу аясында халықты жұмыспен қамту орталықтың өкілдері «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасы бойынша оқуды бітірген түлектерге әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтып береді.

Қазақ

Университеттің әдістемелік Кеңесі-20 ақпан

Әдістемелік Кеңес мүшелерінің назарына!

2019 жылдың 21 ақпанында әдістемелік Кеңестің кезекті отырысы өткізіледі.

Отырысты өткізеді ОӘЖЖ проректоры Д.Ерболатұлы.

Кеңесті өткізу уақыты мен орны: №1 оқу ғимараты, №218 аудитория, сағат 16.00.

Әдістемелік жұмыс және іс-тәжірибе бөлімі

Қазақ

Ақпараттық хабарлама (20-21 ақпан)

Ақпараттық хабарлама

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ химия кафедрасы қала және облыс мектептерінің оқушылары арасында химия пәнінен юниорлар өткізеді.

Олимпиада регламенті

Қазақ

XXIV университетішілік спартакиада аясында студенттер арасындағы шахматтан сайыстар – 20 ақпан

20 ақпанда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да XXIV университетішілік спартакиада аясында студенттер арасында шахматтан сайыстар өтеді.

Өтетін орны және уақыты: №1 оқу ғимараты, №334 дәрісхана, сағат 15.00.

Спорт клубы

Қазақ

Жастар жылына арналған Өскемен ЖОО студенттері мен колледж оқушылары арасындағы «Шаңғы-2019» сайысы – 16 ақпан

Жастар жылына арналған Өскемен қаласы ЖОО студенттері мен колледж оқушылары арасындағы «Шаңғы-2019» шаңғы сайысының ашылуы 16 ақпанда Бобровка ауылында өтеді.

Басталу уақыты: сағат 14.00.

Қатысуға шақырамыз!

Спорт клубы

Қазақ

Студенттердің белгілі спортшы А. Назаровпен кездесуі - 15 ақпан

Студенттердің белгілі спортшы А. Назаровпен кездесуі

Ардақ Назаров – грек-рим күресінен, джиу-джитсудан, панкратионнан отандық, халықаралық сайыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, еліміздің, Азияның, Еуропаның, әлемнің бірнеше мәрте чемпионы, Әлем кубогының иегері, Еуразия кубогындағы күміс медаль иегері. 

Өтетін күні, уақыты, орны: 15 ақпан, 11.30, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, 30-шы Гвардиялық дивизия к., 34, №1 оқу ғимараты, 111 дәрісхана.

Ректорат,

тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі

Қазақ

Беттер

× You found a Typo