Наурыз 2019

Назар аударыңыздар: магистранттар мен докторанттарға арналған конкурс!

Назар аударыңыздар: магистранттар мен докторанттарға арналған конкурс!

«Абай-Верн» халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу жарияланады.

«Абай-Верн» бағдарламасы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Францияның Еуропа және Сыртқы істер министрлігінің бірлескен бағдарламасы.

Осы бағдарлама бойынша 100 стипендия ұсынылады (90 - магистранттарға және 10 - докторанттарға), конкурс мамандықтарды таңдауды шектемей жарияланады.

Өтінім беру мерзімі - 2019 жылдың 14 маусымына дейін.

Қазақ

ШҚО бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Е.О. Айтпайдың «Қазақстандық қоғамды жаңғырту жағдайларында сот жүйесінің даму келешегі және оның тиімділігін арттыру» актілік дәрісі – 1 наурыз

1 наурызда сағат 10.00-де №5 оқу ғимаратының «Рухани Жаңғыру» гуманитарлық және саяси зерттеулер орталығында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Ерғали Орынбекұлы Айтпайдың «Заңтану» білім бағдарламасының студенттеріне арналған актілік дәрісі өтеді.

Дәріс тақырыбы: «Қазақстандық қоғамды жаңғырту жағдайларында сот жүйесінің даму келешегі және оның тиімділігін арттыру».

Экономика және құқық  факультеті

Қазақ

«Шаңғы-2019» жарысы – 2 наурыз

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушылары мен қызметкерлері арасындағы «Шаңғы-2019» жарысы 2 наурызда Бобровка ауылында өтеді.

Шаңғыларды беру – 11.30, №1 оқу ғимаратынан аттану – 12.00. Басталуы – 14.00.

Спорт клубы

Қазақ

Беттер

× You found a Typo