Сәуір 2019

Climate Launchpad халықаралық байқауы

 

Ақпараттық хат

Climate Launchpad халықаралық байқауы

«Ғылым қоры» АҚ (Ғылым қоры) NU Green Campus және «Назарбаев Университет» ДББ «Astana Business Campus» инновациялық кластерімен бірлестікте қазақстандық ғалымдар мен кәсіпкерлерге  Climate Launchpad 2019 халықаралық байқауына қатысуды ұсынады.

Қазақ

«Oskemen-kitap review -2019» - 23 cәуір

«Oskemen-kitap review -2019» - 23 cәуір

23 cәуір –  Бүкілодақтық кітап және авторлық құқық күні сағ. 11.00-де А.С. Пушкин атындағы кітапханада «Oskemen-kitap review -2019» көрме-жәрмеңкесі ашылады.

Қазақ

ШҚМУ педагогикалық мамандықтар студенттеріне арналған бос орындар жәрмеңкесі - 23 сәуір

23 сәуірде, 15.00-де, №1 оқу ғимараты, №111 ауд. педагогикалық мамандықтардың студенттеріне арналған бос орын жәрменкесі өтеді. Жәрмеңкеде Шығыс Қазақстан облысының білім мекемелер өкілдері қатысады.

Студенттерде жұмыс берушілермен сұхбаттасу және жұмыс таңдау мүмкіндігі болады.

Барлық мүделлі тұлғаларды іс-шараға қатысуға шақырамыз.

Студенттердің өзімен резюмелері болуы керек.

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

 

Қазақ

ШҚМУ-дағы "Авангард" студенттік театр-студиясының "Қалыңдық мүрдесі" мюзиклінің премьерасы - 21 сәуір

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да алғашқы мюзикл қойылады. Тим Бертонның шығармасы желісіндегі «Қалыңдық мәйіті» («Труп невесты») музыкалық-би спектаклін жастардың «Авангард» театр-студиясы сахналайды.

Театр-студия қалалықтар мен қала қонақтарын мюзикл премьерасына шақырады.

Студияның негізін қалаушысы және жетекшісі, мюзиклдің режисеры Никита Дерябиннің айтуынша, спектакль махаббат пен жеккөрушілік, өмір құндылықтары, отбасы туралы.

Қазақ

«СТУДЕНТ-ТҮЛЕК-МАМАН» Республикалық форум - 24 сәуір

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде 2019 жылдың 24 сәуірінде «Жастар жылы» аясында «СТУДЕНТ-ТҮЛЕК-МАМАН» атты Республикалық Форум өтеді.

Ақпараттық хат

Қазақ

Басшыларға арналған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі семинар – 17-19 сәуір

Құрылымдық бөлімшелер жетекшілерінің назарына!

Сәуірдің 17-сінен 19-ына дейін С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да құрылымдық бөлімшелер басшыларына арналған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша семинар өтеді.

Өтетін орны және уақыты: №5 оқу ғимараты, №106 дәрісхана, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.

АҚ, ТЖ және еңбекті қорғау штабы

Қазақ

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Кәсіби дайындық және біліктілікті арттыру ресурс орталығы қысқа мерзімді курстар жариялайды

Құрметті студенттер!

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Кәсіби дайындық  және біліктілікті арттыру ресурс орталығы қысқа мерзімді курстар жариялайды

Қазақ

Наурыз мейрамы - 13 сәуір

13 сәуірде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Наурыз мейрамы аталып өтеді, іс-шара барысында бес киіз үй тігіледі.

Бағдарламада: Жастар жылында биіктен көрінген үздік студенттерді марапаттау; оқытушылар мен студенттер (олардың ішінде танымал әншілер, түрлі байқаулардың жеңімпаздары Альмира Нұрғожина, Юлия Юрочкина, Дина Мырза бар) және ШҚО Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының әртістері қатысқан концерт; спорттық сайыстар; Наурыз көже мен палаудан тегін дәм тату; би думаны.

Қазақ

«Ұлы дала алтыны» көрмесі, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғалымдары ғылыми еңбектерінің көрмесі - 12 сәуір

12 сәуірде Қазақстан ғылым қызметкерлерінің күні аясында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының екі жылдығына арналған екі ғылыми көрме өтеді.

«Ұлы дала алтыны» көрмесі

Көрмеде «Археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасы» бойынша Берел, Шілікті, Елеке сазы қорғандарындағы қазба жұмыстары нәтижесінде табылған мұражай қорының археологиялық жәдігерлері ұсынылған.

Қазақ

Беттер

× You found a Typo