Маусым 2019

ШҚМУ студенттері түсірген «JasSTAR» көркем фильмінің премьерасы – 28 маусым

ШҚМУ студенттері түсірген «JasSTAR» көркем фильмінің премьерасы – 28 маусым

28 маусымда «Юбилейный» кинотеатрында  С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері түсірген «JasSTAR» көркем фильмінің пемьерасы болады.

Басталуы: 16.00.

Кіру  – тегін.

Ректорат

Қазақ

ҰБТ-ның өту мерзімі: 22-26 маусым аралығында

ЖОО-ҒА ТҮСУДІ ЖОСПАРЛАП ЖҮРГЕН КОЛЛЕДЖДЕР ТҮЛЕКТЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ жанындағы ҰБТ өткізу пункті (ҰБТӨП) хабарлайды:

ЖОО-ларға қабылдаудың жаңа ережесіне сәйкес 2019 жылдан колледждер түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) тапсыруы тиіс:

- ұқсас мамандыққа түсу кезінде – 2 бейінді пән бойынша

- өзге бейіндегі мамандыққа түсу кезінде – 5 пән (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы + 2 бейінді пән) бойынша.

Қазақ

2019 жылдың түлектеріне арналған облыстық бос орындар жәрмеңкесі - 21 маусым

2019 жылдың түлектеріне арналған облыстық бос орындар жәрмеңкесі - 21 маусым

21 маусымде, 11.00-де облыстық бос орын жәрменкесі өтеді. Жәрмеңкеде Шығыс Қазақстан облысының мекемелер өкілдері қатысады. Студенттерде жұмыс берушілермен сұхбаттасу және жұмыс таңдау мүмкіндігі болады.

Барлық мүделлі тұлғаларды іс-шараға қатысуға шақырамыз. Іс-шара: Серикбаева к., 19, Д.Серикбаев атындағы ШҚМТУ-да өтеді.

Студенттердің өзімен түйіндемелері болуы керек.

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

Қазақ

Әскери кафедраға студенттерді қабылдау жалғасуда – өтініштер 30 маусымға дейін қабылданады

Құрметті барлық мамандықтардың 1 курс студенттері!

Қорғаныс министрінің 09.04.2019 жылғы №18477 бұйрығына сәйкес әскери кафедраға қабылдау 2019 жылдың 30 маусымына дейін ұзартылады.

Өтініштер мына мекенжай бойынша қабылданады: Бажов к., 7, 34А каб. (№2 оқу ғимараты).

Барлық сауалдар бойынша мына телефонға хабарласыңыз:  +7 705 521 43 60.

Әскери кафедра

Қазақ

Қазақстан Республикасының Президентімен бекітілген шәкіртақыға конкурс

Қазақстан Республикасының Президентімен бекітілген шәкіртақыға конкурс

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 13.05.2019ж. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылға арналған стипендиясын жоғарғы және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы» №202 бұйрығы негізінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға 15 шәкіртақы бөлінді.

Конкурска күндізгі оқу бөлімінің ақылы және бюджет негізінде оқитын, оқу үлгерімі «өте жақсы» (А,А-) 3-4 курс студенттері қатыса алады.

Қазақ

Бос білім беру гранттарын беруге конкурс өткізу туралы

Бос білім беру гранттарын беруге конкурс өткізу туралы

Құрметті білім алушылар! Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары бойынша ашық конкурс ЖАРИЯЛАНАДЫ.

Қазақ

«Жоғарғы оқу орындарындағы автономия жағдайындағы білім беру бағдарламаларының менеджменті» оқыту семинар – 20 маусым

 

20 маусымда «ЖОО автономия жағдайындағы  білім беру бағдарламаларының менеджменті» атты оқыту семинары өтеді.

Іс-шараға қатысуға кафедра меңгерушілері, білім беру бағдарламаларының жетекшілері, барлық мүдделі тұлғалар шақырылады.

Семинар бағдарламасы:

1. «Автономия жағдайында ЖОО-ның трансформациясы» атты республикалық оқыту семинар - тренингіне қатысудың  нәтижелері туралы –  Д. Ерболатұлы - оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор;

2. 2019-2020 оқу жылына арналған оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеу туралы - академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің бөлім басшылары.

Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаменті

 

Қазақ

Туған күніңізбен құттықтаймыз!

Туған күніңізбен құттықтаймыз!

Стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Ирина Владимировна Ровнякованы туған күнімен құттықтаймыз!

Қымбатты Ирина Владимировна!

Қазақ

«Зерен» республикалық жастар жазғы лагері - конкурстық іріктеу 27 мамырдан 20 маусымға дейін

«Зерен-2019» Республикалық жастар жазғы лагерінің

ЕРЕЖЕСІ

Жалпы ережелер

Республикалық жастар жазғы лагері (бұдан әрі – Лагерь) жастарды дамытуға бағытталған келесідей негізгі бағыттарды қамтиды:

Қазақ

Тұңғыш Президент Қорының студенттік шәкіртақылар конкурсы – 2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры қазақстандық студенттерден дербес шәкіртақылар тағайындау конкурсына қатысу үшін өтінімдер қабылдаудың басталғандығын жариялайды.

Өтінімдер қабылдау 2019 жылдың 27 мамырынан басталады және 28 маусымына дейін жалғасады.

Конкурсқа қатысуға кез келген бағыттағы жоғарғы оқу орындарының күндізгі бөлімінің студенттері, сондай-ақ шығармашылық орта-кәсіптік оқу орындарының оқушылары шақырылады. Шәкіртақыға үміткерлер Қазақстан Республикасының азаматтары болуы тиіс.

Қазақ

Беттер

× You found a Typo