Қазан 2019

«ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағына байқау жарияланды

«ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағына байқау жарияланды

Конкурсқа құжаттарын тапсыру сәтінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын үзіліссіз ғылыми-педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес ЖОО-ның штаттық оқытушылары конкурсқа қатыса алады.

Қазақ

«Бір ел - бір кітап» акциясы

Құрметті оқырмандар, студенттер оқу залында (№ 1 ғимарат, 303 ауд.) «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған  көрме жұмыс істейді.

Акция 2007 жылдан бастап ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР кітапхана қауымдастығының бастамасымен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткізілуде. Биыл оқу үшін көрнекті прозашы және мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы мен Әбділда Тәжібаевтың ақындық шығармалары алынған.

Қазақ

«ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ: ТАРИХТАН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒА ДЕЙІН» XI Еуразиялық Форум - 25 қазан

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Сізді 2019 жылғы 25 қазанда  "Ұлы Дала тарихы: тарихтан қазіргі заманға дейін" атты XI Еуразиялық Форумының жұмысына қатысуға шақырады.

Қазақ

Инновациялық конгресc және инновациялық жобалар көрмесі - 24-25 қазан

25 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында (HiltonHotelsinAstana) «QazIndustry «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ инновациялық Конгресcке және инновациялық жобалар көрмесіне қатысуға ниет білдірушілерді шақырады.

QazIndustryForum аясында жетекші шетелдік және қазақстандық сарапшылар ғылыми-технологиялық дамудың, ғылым мен өндіріс/бизнес кооперациясының және олардың экономиканың нақты секторында интеграциялануы, технологиялық болжау жүргізудің негізгі мәселелерін талқылайды.

Қазақ

«Болашағың өз қолында!/Твоё будущее в твоих руках!» конкурсы - 1 қараша

Жинақтаушы зейнетақы қоры (ЖЗҚ) Жастар жылы аясында 7 қазан мен 1 қараша аралығында қазақстандық жоғары оқу орындары бакалавриатының студенттері арасында – «Болашағың өз қолында!/Твоё будущее в твоих руках!» атты тақырыпта студенттік жобалар байқауын ұйымдастырады. Оған барлық ниет білдіруші студенттер мамандықтары мен оқыту нысанына қарамастан қатыса алады.

Қазақ

Student Digital Fest конкурсы

2019 жылы 24 қыркүйекте Нұр-сұлтан қаласындағы Конгресс-орталықта өткен «Жастар және уақыт шақыруы» XI жастар форумы аясында ұйымдастырушылар Қазақстан студенттері мен магистранттары үшін жаңа байқаудың басталғанын жариялады.

Қазақ

Талапкерлер назарына!

Талапкерлер назарына!

Биылғы жылғы білім беру грантына үлгермей қалдыңыз ба? Бірекі баллыңыз жетпей қалып ақылы түрге тапсырдыңыз ба?

Тек Сіздер үшін Өте тиімді мүмкіндік туып тұр!

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті сіздерді  1 жылдық тілдік дайындыққа шақырады!

1. Биология

2. Физика

3. Информатика

4. Химия.

Пәндерін ағылшын тілінде оқып, келесі жылы осы мамандықтар бойынша грант негізінде оқуыңызды жалғастыруға болады.

Анықтама тел. нөмірі: 8 (7232) 540-144, 8 771 305 77 57.

Қазақ

Құрметті оқытушылар, қызметкерлер және студенттер!

Құрметті оқытушылар, қызметкерлер және студенттер!

Егер сіз бүкіл әлем сөйлейтін шет тілін үйренгіңіз келсе, өзіңіздің кәсіби мүмкіндіктеріңізді кеңейтіп, еңбек нарқында бәсекеге қабілетті маман болғыңыз келсе, біз сіздерді С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Тіл әлемі» көптілділік орталығына шақырамыз!

Сізге тиімді коммуникативті әдістемемен оқытатын біздің қарқынды курстарымызда кез келген деңгейден бастап

Қазақ

«Эпиграф» компаниясынан «Сандық білім - әлемдік трэнд» вебинары - 18 қазан

18 қазан күні  сағат 15.00-де университеттің профессорлық-оқытушылар құрамын №1 оқу ғимаратының 218-інші дәрісханасында жетекші қазақстандық оқу әдебиеті баспасы «Эпиграф» компаниясынан, оқу үрдісінде жаңа буын мультимедиялық оқулықтарды қолдану және университет студенттері мен оқытушыларына қол жетімді «Эпиграф» электрондық ресурсының мүмкіндіктері туралы «Сандық білім - әлемдік трэнд» вебинарына  шақырамыз.

Ғылыми кітапхана

Қазақ

Университет Академиялық кеңесінің отырысы – 18 қазан

18 қазанда сағат 16.00-де №5 оқу ғимаратының 106 дәрісханасында университеттің Академиялық кеңесінің отырысы өтеді

Күн тәртібі

1. 2020-2025 жылдарға арналған Білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы тұжырымдамасының жобасын талдау.

2. Білім беруді әдістемелік қолдау жөніндегі құжаттарды жетілдіру туралы.

3. Университет факультеттеріндегі оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың жаңа жолдары, сонымен қатар 3 курс білім алушыларын ОЖСБ-ға дайындау туралы.

4. Әртүрлі:

Қазақ

Беттер

× You found a Typo