Қаңтар 2020

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың қайырымдылық гранд-балы (кастинг) – 30-31 қаңтар

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың қайырымдылық гранд-балы (кастинг) – 30-31 қаңтар

Өтетін орны және уақыты: Қазақстан к., 55, №5 оқу ғимараты, 30 қаңтарда 16-00-де, 31 қаңтарда 18-00-де.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі 

Қазақ

Құттықтаймыз!

Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы

Садвакасова Айгуль Кадырканқызын

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Диссертациялық Кеңесінде

7D011100-Информатика  мамандығы бойынша

PhD докторлық диссертациясын сәтті қорғауымен

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

КҮжАТ кафедрасы

Қазақ

Оқытушылар мен қызметкерлер арасындағы Спартакиада-2020 – 4 ақпаннан бастап

4 ақпанда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да спартакиада басталады.

4 ақпанда №1 оқу ғимаратындағы шахмат клубында ЖОО оқытушылары мен қызметкерлері арасында шахматтан сайыс өтеді. Басталу уақыты – 15.00.

11 ақпанда №7 оқу ғимаратында ЖОО оқытушылары мен қызметкерлері арасында үстел теннисінен сайыстар өтеді. Басталуы – сағат 10.00-де.

Баспасөз қызметі

Қазақ

Universum-2020 мансаптық зерттеуі басталды - 2020 жылдың 23 наурызына дейін

2018 жылдан бастап С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Universum Global (Стокгольм, Швеция) компаниясымен бірлесіп жұмыс бастады. Еске сала кетсек, Universum компаниясы – жұмыс беруші брендінің әлемдік көшбасшысы болып табылады. Компания бүкіл әлем бойынша 200-ден астам университет және жұмыс берушілермен жұмыс істейді.

Қазақ

QazVolunteer.kz платформасына тіркелуіңізді сұраймыз

Құрметті студент, егер Сіз қайырымдылық іс жасай отырып шәкіртақыңызды 30 пайызға көтеріп, 20 сағаттық жұмыс үшін 20 мың теңге, 50 сағаттық жұмыс үшін 50 мың теңге көлемінде төлемақы алғыңыз келсе https://QazVolunteer.kz платформасына тіркелуіңізді сұраймыз. 
 
Барлық сұрақтар бойынша №1 оқу ғимаратындағы 239 кабинетке келулеріңізге болады.
 
Қазақ

Жақында қарқынды ағылшын тілі курстары басталады! (27 қаңтар)

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ жанындағы «Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығы студенттер мен оқытушыларды тиімді коммуникативті әдістеме бойынша оқытатын тілді меңгерудің жалпыеуропалық стандарттарына сәйкес барлық деңгейдегі қарқынды ағылшын тілі курсына шақырады.

Курсқа жазылу 27 қаңтардан бастап төмендегі мекенжайда жүргізіледі:

30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34, 220 кабинет (С. Аманжолов атындағы ШҚМУ №1 оқу ғимараты).

Байланыс тұлғалар: Жақсылықова Сабина Сәкенқызы, Сайлыбаева Айгүл Сағынғанқызы.

Қазақ

Шәкерхан Әзмұхамбетовтің «Ислам: ішкі және ішкі жақтан көзқарас» кітабының таныстырылымы - 23 қаңтар

Шәкерхан Әзмұхамбетовтің «Ислам: ішкі және ішкі жақтан көзқарас» кітабының таныстырылымы

Өтетін күні, уақыты, орны: 23 қаңтар, сағат 11-00, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, 30-шы Гвардиялық дивизия к., 34, №1 оқу ғимараты, 111 дәрісхана.

Ұйымдастыру комитеті 

Қазақ

«Білім беру бағдарламаларын әзірлеу (curriculum design)» семнары – 23 қаңтар

23.01.2020 сағат 16.00.-де №1 оқу ғимаратының №218 оқу залында «Білім беру бағдарламаларын әзірлеу (curriculum design)» тақырыбында білім беру бағдарламаларының жетекшілеріне арналған оқыту семинары өтеді (республикалық семинар материалдары бойынша).

Қатысу міндетті.

Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаменті

Қазақ

«Абайдың 175 жылдығын мерекелеудің басталуы» дөңгелек үстелі – 22 қаңтар

Облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығында «Абайдың 175 жылдығын мерекелеудің басталуы» дөңгелек үстелі өтеді.

Қазақ

Microsoft-тың «The next AI Guardians» халықаралық байқауы - өтінімдерді қабылдау және сайтта тіркелу - 25 қаңтарға дейін

Құрметті оқытушылар,

Біз Microsoft-тың «The next AI Guardians» атты кезекті мәрте халықаралық байқауы жайлы сіздерді хабарландырып отырғанымызға қуаныштымыз. Байқаудың басты мақсаты – 29 елдегі, соның ішінде, Қазақстан Республикасындағы университтерде қызмет жасайтын оқытушылар мен зерттеушілердің, студенттердің жасанды интеллект негізіндегі шығармашылық шешімдерін білім беру саласына ендіру.

Қазақ

Беттер

× You found a Typo