Қаңтар 2020

«Жылдың үздік жас ғалымы-2019» байқауы

«Жылдың үздік жас ғалымы-2019» байқауы

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі «Жылдың үздік жас ғалымы» байқауын жариялайды.

Байқау мақсаты – университеттің ғылыми-зерттеу жұмысымен белсенді айналысатын жас ғалымдарын қолдау және ынталандыру, сондай-ақ болашақ ғылыми кадрларды даярлау.

Байқауға магистранттар, докторанттар және университеттің 35 жасқа дейінгі оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері қатыса алады.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

Қазақ

ҚХА Еріктілер қозғалысы орталығының ашылуына арналған бірыңғай күн – 17 қаңтар

ҚХА Еріктілер қозғалысы орталығының ашылуына арналған бірыңғай күн 

Өтетін күні мен уақыты: 17 қаңтар, сағат 17-00.

Өтетін орны: ШҚО әкімі аппаратының «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» КММ, Н. Назарбаев даңғылы, 68.

Қатысушылар: мемлекеттік органдар басшылары, этномәдени бірлестіктер төрағалары, Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының шығармашылық ұжымдары, «Жаңғыру жолы» жастар штабы, еріктілер клубы, БАҚ.

Қазақ

Хабарландыру

2020 жылдың 13-17 қаңтары аралығында «Білім беру мазмұнын жаңартудың өзекті мәселелері: теориядан практикаға дейін» атты әдістемелік пәндерден сабақ жүргізетін оқытушыларға арналған әдістемелік практикум өтеді.

Нәтижесінде «Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберіндегі инновациялық технологиялар» (жұмыс тәжірибесінен) оқу құралы басылып шығады.

Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қолдау бөлімі

Қазақ

Famelab конкурсы - 11 қаңтар

Famelab – жер бетіндегі ғылым коммуникация саласындағы ең ірі конкурстардың бірі. Қазақстанда Famelab конкурсы «Шеврон» компаниясының қолдауымен, «Ғылым қоры» АҚ және OYLA журналымен бірлесіп өткізіледі.

Қазақ

Беттер

× You found a Typo