Ақпан 2020

«Ақпараттық жүйелер» мамандығының соңғы курс студенттеріне арналған бос жұмыс орындарының атаулы жәрменкесі – 28 ақпан

28 ақпанда сағат 16.00-де №1 оқу ғимаратындағы 218 дәрісханада «Қазпошта» АҚ, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ ШҚФ, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ өкілдерінің қатысуымен «Ақпараттық жүйелер» мамандығының соңғы курс студенттеріне арналған бос жұмыс орындарының жәрменкесі өтеді.

Студенттерде осы мекемелерге іріктеу және жұмысқа орналастыру рәсімін білу және жұмыс берушілермен сұхбаттасып, жұмыс таңдау мүмкіндігі болады.

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

Қазақ

«Абай оқулары -2020» конкурсы - 27 ақпан

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы ШҚО 10-11 сынып оқушыларының арасында V облыстық дәстүрлі «Абай оқулары» байқауын өткізеді. 

Қазақ

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ және Жоғары Колледж студенттері арасында ағылшын тілінде дебат өтеді - 27 ақпан

«Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығы ағылшын тілінде дебат өткізілетіндігін хабарлайды.

Дебат ШҚМУ және Жоғары Колледж студенттері арасында 27 ақпан күні сағат 14:00-де С. Аманжолов атындағы ШҚМУ бас ғимаратында өтеді.

С. Аманжолов. Қатысуға ниет білдірушілерді бас оқу корпусында 220 кабинетте алдын ала жазылу үшін 2020 жылғы 20 ақпанда сағат 16:00-ге дейін күтеміз.

Көптілді білім беру орталығы «Тіл әлемі»

Қазақ

«Әл-Фараби: әлемдік зияткерлік мәдениеттің дамуына үлес» вебинары - 26 ақпан

26 ақпанда «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы Алтай мемлекеттік университетімен (Барнаул қ., Ресей) бірге ұлы ойшылдың 1150 жылдығына орай «Әл-Фараби: әлемдік зияткерлік мәдениеттің дамуына үлес» вебинарын өткізеді.

Осы оқиғамен «Гуманизм тарихы: идеядан – іске асыруға» халықаралық вебинарлар циклы басталады.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы биыл Шоқан мен Абайға арналған бірқатар халықаралық дискуссияларды жоспарлауда. Ұлы Жеңістің барлық Еуразия халықтары үшін мән-мағынасы туралы трансшекаралық диалог өтпек.

Қазақ

ҚР БҒМ-нің академиялық ұтқырлық бойынша конкурсына үміткерлер тізімі

ҚР БҒМ-нің академиялық ұтқырлық бойынша конкурсына үміткерлер тізімі:

ТАӘ

Мамандығы

Серғали Бекжан

Дене шынықтыру және спорт

Кәрім Диана

Құқықтану

Тайшыман Әйгерім

Қазақ

Терроризмге қарсы қорғанысты қамтамасыз ету және терроризм актілерінің қаупі кезіндегі іс-қимылдар бойынша оқытушылар мен қызметкерлерге арналған оқыту семинары – 28 ақпан

Терроризмге қарсы қорғанысты қамтамасыз ету және терроризм актілерінің қаупі кезіндегі іс-қимылдар бойынша оқытушылар мен қызметкерлерге арналған оқыту семинары – 28 ақпан.

Өтетін уақыты және орны: 16.00,  №1 оқу ғимараты, №111 дәрісхана.

АҚ және ТЖ штабы

Қазақ

Қала және облыс мектептерінің 11 сынып оқушылары арасында химия пәнінен аймақтық олимпиада – 25 ақпан

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің химия кафедрасы қала және облыс мектептерінің 11 сынып оқушылары арасында химия пәнінен аймақтық олимпиада өткізеді.

Қазақ

Ақпараттық хабарлама

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы қала және облыс мектептерінің оқушылары арасында информатика пәнінен аймақтық олимпиадаға қатысуға шақырады.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті қала және облыс мектептерінің 11 сынып оқушылары арасында информатика пәнінен аймақтық олимпиадасын өткізеді.

Қазақ

«Адал ұрпақ» атты көрсетілім түріндегі сот процесі - 25 ақпан

Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті және ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің аймақтық штабымен бірлесіп, 2020 жылғы 25 ақпанда жастар арасында қылмыстық жазалану мен әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттерінің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында көрсетілім түріндегі сот процесін өткізуді жоспарлауда.

«Сот процесі» барысында ҚР Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-тармағы (Пара алу) бойынша қылмыстық іс қаралады.

Қазақ

«Абайдың заң шығару жүйесі мен ел басқару ісіндегі үлесі» ашық дәрісі - 24 ақпан

24 ақпанда сағат 12-45-те №1 оқу ғимаратының 111-дәрісханасында М.Т. Мағзұмовтың «Абайдың заң шығару жүйесі мен ел басқару ісіндегі үлесі» тақырыбы бойынша ашық дәрісі өтеді.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі

Қазақ

Беттер

× You found a Typo