Ақпан 2020

Ашық зертхана-2020 - 8 ақпан

8 ақпан сағ.10.00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының Білім орталығында ғылыми сауаттылыққа арналған биылғы жылғы алғашқы ағартушылық бағыттағы – «ЛАБА-2020» акциясы бастау алады. Тақырыптық «Зертхана» ғалым-энциклопедист Әл-Фарабидың 1150 жылдығына арналып, жаратылыстану ғылымдарының кең ауқымын қамтиды: химия, физика, биология...

Қазақ

«Тұңғыш Президент жолымен» Халық экспедициясы» атты жалпыұлттық жобаның басталуы - 7 ақпан

«Тұңғыш Президент жолымен» Халық экспедициясы» атты жалпыұлттық жобаның басталуы                                                                     

Өтетін уақыты: 7 ақпан, сағат 15.00-де.

Өтетін орны: ШҚО әкімі аппаратының «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» КММ, Н. Назарбаев даңғылы, 68.

Қатысушылар: Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестік мүшелері, шығармашылық ұжымдар, қоғам қайраткерлері, волонтерлер, жастар және БАҚ.

Ұйымдастыру комитеті 

Қазақ

5 ақпан – 2020 жылы «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасы бойынша оқуды жалғастыратын студенттерімен кездесу

2020 жылдың 5 ақпанында, 11.00-де, №1 оқу ғимараты, ауд.111 ректордың және ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы өкілдерінің қатысуымен 4 курста «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» бағдарламасы бойынша оқып жатқан студенттерімен кездесуі өтеді.

Кездесу барысында түлектерді жұмысқа жіберу, өзін-өзі жұмысқа орналастыру және жұмыс істеу міндеттемесінен босату туралы ережелер түсіндіріледі.

Қазақ

4 ақпан – соңғы курс студенттерінің кураторларымен жұмысқа бөлу сұрақтары бойынша кездесу

2020 жылдың 4 ақпанында, 16.00-де, №1 оқу ғимараты, №218 каб. Соңғы курс студентерінің кураторларымен кездесу өтеді.

Кездесу 2020 жылы мемлекеттік білім гранты (соның ішінде «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасы және ауылдық квота) бойынша оқуды жалғастыратын студенттерді жұмысқа бөлу процедурасының ұйымдастырылуын түсіндіру мақсатында өткізіледі.

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

Қазақ

«QAZAQTANÝ» respýblikalyq gylymi jýrnaly Республикалық ғылыми журналының жариялым ережесі

«QAZAQTANÝ» respýblikalyq gylymi jýrnaly Республикалық ғылыми журналының жариялым ережесі

Қазақ

Кешірім күні - 5 ақпан

ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР!

КІТАПХАНА ҚАРЫЗ КІТАПТАРЫҢЫЗДЫ АЙЫППҰЛСЫЗ ӨТКІЗУЛЕРІҢІЗГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

Ғылыми кітапхана

Қазақ

Құрметті түлектер!

Құрметті түлектер!

Халықты жұмыспен қамту орталығы Жастар іс-тәжірибесі бойынша 2917-2020 жылдары аралығындағы ЖОО-дың, колледждердің, кәсіби лицейлердің  жұмыссыз түлектерін  жұмысқа  қабылдауын бастады.

29 жасқа дейін. Қатысушылардың еңбекақы төлемі 61 121 теңге. Барлық сұрақтар бойынша Өскемен қаласы, Тургенев көшесі, 30, 305 кабинет, тел: 29-33-74; 87056107636; 87028705314; 

Жастар іс-тәжірибесі бойынша маман Еркежан Елғазықызы Хамзина. 

Қазақ

ScienceStars ғылыми коммуникациялар конкурсы – өтінімдер 29 ақпанға дейін қабылданады

Олай болса, Chevron-ның қолдауымен Британдық Кеңес, OYLA ғылыми-көпшілік журналы және Ғылым Қоры сізді ScienceStars ғылыми коммуникациялар конкурсына қатысуға шақырады.

Біз он финалға қатысушыны наурыз айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін соңғы айналымға, коммуникация бойынша шеберлік сыныбына шақырамызҮздік ораторларды арнайы қазылар алқасы анықтап, ноутбук (1-ші орын) немесе iPad (2-ші және 3-ші орын) секілді сыйлықтармен марапаттайды.    

Қазақ

1-3 курс студенттеріне арналған еріктілер қозғалысын дамыту мен қолдауға бағытталған біліктілікті арттыру курстары – өтінімдер 10 ақпанға дейін қабылданады

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлім кәсіптік даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығымен бірге ақпан айынан бастап еріктілер жұмысын дамыту мен қолдауға бағытталған оқыту курстарын жүргізеді.

Курсқа қатысу үшін 1-3 курс студенттерінің өтінімдері 10 ақпанға дейін қабылданады.

Өтінім 87789041118 WhatsApp нөмірі бойынша қабылданады. Студенттің толық аты-жөні, мамандығы, курсы жазылып, «Курсқа өтінім» сөзімен бірге жіберілуі керек.

Қазақ

Беттер

× You found a Typo