Мамыр 2020

Қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «қасіретті жылдардың жаңғырығы» атты вибинар – 28 мамыр

28 мамырда С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының Саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты вебинар өткізеді.

Зерттеушілер, ғалымдар, ғылыми және педагогикалық ұйымдардың қызметкерлері шақырылады.

Вебинардың жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Барлық қатысушылар үшін вебинарға қатысу - Zoom қосымшасы арқылы онлайн сілтеме бойынша

Тема: Конференция Zoom Асем Аубакирова

Қазақ

Назар аударыңыздар: журналистерге арналған «Шабыт/ ШҚМУ-2020» байқауы

Назар аударыңыздар: журналистерге арналған «Шабыт/ ШҚМУ-2020» байқауы

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті республикалық, облыстық және қалалық БАҚ-ның  журналистері арасында,  «Шабыт/ ШҚМУ-2020» шығармашылық байқауын жариялайды.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ жұмысы мен жетістіктері туралы қазақ және орыс тіліндегі материалдар 26 мамыр мен 26 маусым аралығында қабылданады.

Бір журналист тек бір жұмысын ғана өткізе алады.

Қазақ

2020-2022 жылдарына ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру жұмысы бойынша түсіндіру семинары - 29 мамыр

Хабарландыру

Құрметті әріптестер, 2020 жылдың 29 мамырында сағат 15.00-де №1 оқу ғимаратында (ауд.218) 2020-2022 жылдарына ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру жұмысы бойынша түсіндіру семинары өткізіледі.

ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімі

Қазақ

«Бір-біріне тәуелді өзара қатынастар – деструктивті діни ағымдардың психологиялық зорлық-зомбылығы» тікелей эфирі – 21 мамыр

21 мамырда, сағат 17.30-да «Бір-біріне тәуелді өзара қатынастар – деструктивті діни ағымдардың психологиялық зорлық-зомбылығы» тақырыбында тікелей эфир өтеді, оған дін істері жөніндегі маман М. Өмірханов пен психолог, жаттықтырушы, арт-терапевт, химиялық және деструктивті тәуелділіктері бар тұлғалардың полимодальді психотерапиясы бойынша маман, «Психея» тұлғаны дамыту студиясының жетекшісі С. Новикова қатысады.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі

Қазақ

Құрметті әріптестер!

Құрметті әріптестер!

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті 1 маусымы, сағат 10.00-де  болатын «Абайтану пәнін оқыту» онлайн біліктілікті арттыру  курсына шақырады.

 Лектор - филология ғылымдарының докторы, Абайтанушы ғалым А.М.Қартаева

Курсты сәтті аяқтаған тыңдаушыларға  сертификат беріледі .         

 Барлық сұрақтар бойынша Ресурс орталығының телефондарына хабарласа аласыз:  8(7232) 25-22-84;

Қазақ

Құрметті достар! «ШҚМУ аруы – 2020» онлайн сұлулық байқауының ІІІ кезеңіне қош келдіңіздер!

Құрметті достар!

«ШҚМУ аруы – 2020» онлайн сұлулық байқауының ІІІ кезеңіне қош келдіңіздер!

II кезең қорытындысы бойынша университет аруы атағына ие болу үшін 6 қатысушы күресті жалғастыруда.

Екінші турда қыздар сіздердің назарларыңызға өздерінің бейнематериалдарын көрсетеді!

Пікірмен және лайкпен қолдау көрсетуді ұмытпаңыздар - amanzholov_university.  

«Дені сау жастар, дені сау ұлт, дені сау болашақ!».

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі

Қазақ

Қазақстан Республикасының Президентімен бекітілген шәкіртақыға конкурс

Қазақстан Республикасының Президентімен бекітілген

 шәкіртақыға конкурс

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 05.05.2020ж. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылға арналған стипендиясын жоғарғы және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы» №183 бұйрығы негізінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға 50 шәкіртақы бөлінді.

Қазақ

Университеттің ғылыми кітапханасы — онлайн режимінде

Құрметті оқырмандар! 

Ғылыми кітапхана https://www.vkgu.kz  кітапхана сайтындағы Виртуалды анықтама қызметі  және Ershova­_lubov@mail.ru  e-mail  арқылы онлайн  қызмет көрсетеді.

Тел. 8 (7232)540-421, 540-246

(«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығы  негізінде).

Қазақ

Ең ірі білім беру платформалары онлайн-курстарының тізімі

ШҚМУ-да оқытушылар мен білім алушыларға көмек ретінде ірі білім беру платформаларының онлайн-курстарының тізімі жасалды

Әлемнің көптеген елдерінде коронавирус пандемиясы жағдайында туындаған жағдайды ескере отырып, онлайн білім берудің ең ірі білім беру платформалары өз ресурстарына тегін қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Осыған байланысты ШҚМУ-да оқытушылар мен білім алушыларға көмек ретінде жоғарыда көрсетілген білім беру платформаларында орналастырылған онлайн-курстардың үлгі тізімі жасалды.

Қазақ

«Физика» мамандығы бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің ХІI Республикалық пәндік олимпиадасы - 15 мамыр

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Cіздерді С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті 2020 жылдың 14-15 мамырында өтетін 5В011000 – «Физика» мамандығы бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің ХІI республикалық пәндік олимпиадасына қатысуға шақырады.  

Қазақ

Беттер

× You found a Typo