Қаңтар 2021

4 курс студенттерінің Өскемен қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдерімен кездесуі – 29 қаңтар

4 курс студенттерінің назарына!

29 қантарда сағат 15.00-де Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдерімен кездесу өтеді.

Бұл кездесуде сіздер келесі сұрақтар бойынша ақпарат аласыздар:

1.    Еңбек нарығындағы жағдай;

2.    Жастар тәжірибесі;

3.    «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасының түлектерін әлеуметтік қолдау;

4.    Магистратураға түсу ережелері.

  Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

Қазақ

Магистратураға қосымша академиялық кезеңге қабылдау – 25 қаңтарға дейін

Магистратураға қосымша академиялық кезеңге қабылдау 

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде магистратураға қосымша академиялық кезеңге қабылдау 25 қаңтарға дейін жалғасады. 

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі

Қазақ

«2020 жылдың үздік жас ғалымы» байқауы - өтінімдер 22 қаңтарға дейін қабылданады

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті «2020 жылдың үздік жас ғалымы» байқауын жариялайды.

Байқау мақсатығылыми-зерттеу жұмысымен белсенді айналысатын университет жас ғалымдарын қолдау және ынталандыру, сондай-ақ болашақ ғылыми кадрларды даярлау.

Байқауға 35 жасқа дейінгі университет оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, докторанттар мен магистранттар қатыса алады.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

- «2020 жылдың жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласы бойынша үздік жас ғалымы»;

Қазақ

10-11 сынып оқушыларына арналған «Жас талап» 5 айлық дайындық курстары

10-11 сынып оқушыларына арналған «Жас талап» 5 айлық дайындық курстары 11 қаңтардан бастап жазылу

Пәндер: Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, математика, биология, химия, ағылшын тілі, география, физика, грамматика (оқу сауаттылығы).

Дайындық курстарын жоғары білікті оқытушылар жүргізеді және ҰБТ-ға сапалы дайындалуға мүмкіндік береді.

Телефондар: 8(7232) 540-144, 87713057757.

Қазақ

Университет қызметкерлері мен оқытушыларына арналған түрік тілі курстарына қабылдау – 12 қаңтарға дейін, курстарға жазылу – 13 қаңтардан бастап

Университет қызметкерлері мен оқытушыларына арналған түрік тілі курстарына қабылдау 

Шет тілдері және аударма ісі кафедрасы университет қызметкерлері мен оқытушыларына арналған түрік тілі курстарына қабылдауды жариялайды.

Түрік тілі курстары 2021 жылдың 13 қаңтарында №9 оқу ғимаратында басталады.

Курстарға жазылу – 2021 жылғы 12 қаңтарға дейін.

Анықтама үшін байланыс телефондары: Шет тілдері және аударма ісі кафедрасы – 25-28-02, Окалелова Л.А. – 87052637395.

Шет тілдері және аударма ісі кафедрасы

Қазақ

Жоғары (педагогикалық емес) кәсіптік білімі бар тұлғаларға арналған педагогикалық қайта даярлау курстары - курстар - 11 қаңтардан бастап

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті 2020 жылдың 3 желтоқсанынан бастап жоғары кәсіптік білімі бар (педагогикалық емес) тұлғалар үшін педагогикалық қайта даярлау курстарына құжаттар қабылдауды бастайды.

Курстың басталуы – 2021 жылдың 11 қаңтары, оқу мерзімі 40 кредитті (1200 сағат) игерумен 7 айды құрайды. Бұл бағдарлама үміткерлерге қысқа мерзімде қосымша мамандық алуға мүмкіндік береді.

Құжаттар тізімі:

1) ЖОО басшысының атына еркін формадағы өтініш;;

Қазақ
× You found a Typo