Ақпан 2021

Психологиялық-педагогикалық бағыттағы студенттер мен магистранттарға арналған онлайн-кездесулер – 23-26 ақпаннан бастап

Құрметті студенттер, әріптестер!

«Зияткер» ҒБО 23 ақпаннан психологиялық-педагогикалық бағыттағы студенттер мен магистранттарға арналған мерзімді ғылыми онлайн кездесулерді бастайды.

Кездесулерді өткізу күні мен уақытын қосымшалардан қараңыз: 

1 қосымша

Қазақ

Студенттер арасындағы квест ойыны – 26 ақпан

Квест-ойын С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері арасында өтеді.

Өтетін күні, уақыты және орны: 26 ақпан, сағат 11-ден 13-ке дейін, №1 оқу ғимараты.

Ұйымдастыру комитеті 

Қазақ

ШҚУ 10-11 сынып оқушылары арасында VІ облыстық дәстүрлі «Абай оқулары» байқауын өткізеді

ШҚУ 10-11 сынып оқушылары арасында VІ облыстық дәстүрлі «Абай оқулары» байқауын өткізеді

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы ШҚО және қала мектептері 10-11 сынып оқушыларының арасында VІ облыстық дәстүрлі «Абай оқулары» байқауын өткізеді.

Байқау мақсаты: ҚР Президентінің «Тәуелсіздік бәрінен де қымбат» мақаласының негізгі идеясын жүзеге асыру, жалпыұлттық бағдарын айқындау, Абай мұрасын насихаттау, ана тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын меңгерту, кәсіптік бағдар беру.

Қазақ

Бос лауазымға орналасуға конкурс - тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор

«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесі, 070004, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 55, «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма мүшесі – тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры бос лауазымына конкурс жариялайды, орналасқан мекенжайы: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 55.

Қазақ

«Азия-Еуропа» форумының (АСЕМ) 13-ші саммиті шеңберінде АСЕМ жас көшбасшыларының 4-ші саммиті – өтінімдер 3 ақпанға дейін қабылданады

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша Камбоджа корольдігінің үкіметі «Азия-Еуропа» форумының (АСЕМ) 13-ші саммиті шеңберінде АСЕМ жас көшбасшыларының  4-ші саммитін ұйымдастырады.

Қазақ
× You found a Typo