Наурыз 2021

Колледждің тұңғыш директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты С.З.Тайбағаровты еске алуға арналған «Үйлесімді дамыған, білімді және ғылыми жастар – болашақтың кепілі» онлайн конференциясы – 30 наурыз

Құрметті әріптестер!

«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ Жоғары колледжі «Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы» КММ-мен бірлесіп 2021 жылғы 30 наурызда колледждің тұңғыш директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Тайбағаров Серік Зайтанұлын еске алуға арналған «ҮЙЛЕСІМДІ ДАМЫҒАН, БІЛІМДІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ЖАСТАР – БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ» атты студенттердің облыстық қашықтық онлайн конференциясын өткізеді.

Қазақ

Кеңестік және қазақстандық мемлекет қайраткері Тұтқабай Әшімбайұлы Әшімбаевтың 100 жылдығына арналған «Тұтқабай Әшімбаев: Естеліктер» атты республикалық дөңгелек үстел – 26 наурыз

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде кеңестік және қазақстандық мемлекет қайраткері Тұтқабай Әшімбайұлы Әшімбаевтың 100 жылдығына арналған «Тұтқабай Әшімбаев: естеліктер» атты республикалық дөңгелек үстел өтеді.

Өтетін күні, уақыты және орны: 26 наурыз, сағат 15.00, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34, №1 оқу ғимараты, №218 кабинет.

Қазақ

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің әдістемелік онкүндігі – 15-31 наурыз

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің әдістемелік онкүндігі 

15 наурыздан 31 наурызға дейін Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінде әдістемелік онкүндік өтеді. Іс-шараға барлық қатысуға тілек білдірушілер шақырылады.

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті

Қазақ

Еліміздегі өзекті мамандықтарға арналған #Атлас_Live аясындағы жаңа тікелей эфир - 10 наурыз

#Атлас_Live аясындағы жаңа тікелей эфир - Қазақстандағы өзекті мамандықтарға арналады

Біз нақты және ұзақ мерзімді перспективасы бар мамандықты саналы түрде қалай таңдау керектігі туралы, трансұлттық компаниялардың білім беру және кадр саясатындағы әлемдік трендтер туралы айтатын боламыз.

Эфир модераторы-Қазыбек Абылай, ИнЕУ маркетинг бөлімінің басшысы.

10 наурыз сағат 17:00-де.

Қазақ

8-наурыз Халықаралық Әйелдер күніне арналған онлайн концертімізді тамашалауға шақырамыз!

8-наурыз Халықаралық Әйелдер күніне арналған онлайн концертімізді тамашалауға шақырамыз!
05.03.2021
12:00.

Ректорат 

 

Қазақ

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері жас ғалымдарының «Үздік жас ғалым-2021» кітаптар топтамасының ІІІ нөмірінде жариялануға өтінімдер қабылдау – 5 наурызға дейін

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері жас ғалымдарының  «Үздік жас ғалым-2021» кітаптар топтамасының ІІІ нөмірінде жариялануға өтінімдер қабылдау – 5 наурызға дейін

Халықаралық жас ғалымдар қауымдастығының (Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.) ұйымдастырумен және "Бөбек" жалпыұлттық қозғалысы" қауымдастығы формасындағы заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері жас ғалымдарының "Үздік жас ғалым-2021" кітаптар топтамасының ІІІ нөмірінде жариялануға өтінімдер қабылдау басталды!

Қазақ

Облыстық «Болашақ ұстаз» байқауы – 2-3 наурыз

«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ 2 наурыз және 3 наурыз күндері сағат 11.00-де облыстық «Болашақ ұстаз» конкурсының 2-ші кезеңін өткізеді.

Конференция идентификаторы: 897 1879 1225

Кіру коды: 563485

Ұйымдастыру комитеті

Қазақ

Әскери кафедраға құжаттарды қабылдау 1 ақпаннан басталады, медициналық тексеру наурызда өтеді

Құрметті студенттер, ата-аналар!

Әскери кафедраға түсу үшін құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 1 ақпаннан басталады және наурыз айында медициналық тексеруден өтеді

Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқыту үшін құжаттар бірінші курс (4 жылдық оқумен) және екінші курс (5 жылдық оқумен) студенттерінен қабылданады.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі

1. Өтініш.

2. Жеке куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі).

Қазақ

Педагогикалық қайта даярлау курстарына қабылдау – 1 наурызға дейін

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті педагогикалық қайта даярлау курстарына құжат қабылдауда. 

1-жиын – 3.12.2020 ж.  бастап, 16.01.2021 ж. дейін; 2-жиын – 1.02.2021 ж. бастап 1.03.2021 ж. дейін.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады:

8 (7232) 25-22-84; 87713533391; 887087569071; 87052816874.

Кәсіби даярлау және біліктілікті арттырудың ресурстық орталығы

Қазақ
× You found a Typo