Сәуір 2021

Шағын гранттар бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау – 30 сәуірге дейін

АҚШ дипломатиялық миссиясы шағын гранттар бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдауды жариялайды.

Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2021 жылғы 30 сәуір (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 23:59).

Толық ақпарат Қазақстандағы АҚШ елшілігінің сайтында.

 Стратегия, халықаралық ынтымақтастық және аккредиттеу бөлімі

Қазақ

2021 жылғы халықаралық жазғы мектебі онлайн режимінде (тегін) – 20-21 шілде

2021 жылғы халықаралық жазғы мектебі онлайн режимінде (тегін) 

Дрезден технологиялық университетінде (Германия) жазғы мектепке қатысуға өтінімдер қабылдау басталды.

Дрезден технологиялық университеті және Boysen зерттеу оқу тобы магистранттарды, докторанттарды және жас мамандарды "Өтпелі кезеңдегі ұтқырлық" біржылдық мектебіне қатысуға шақырады.

Қазақ

Amanzholov University грантының иегері болғыңыз келе ме? (байқау - 12-30 сәуірде)

Amanzholov University грантының иегері болғыңыз келе ме?

2021 жылдың 12-30 сәуір аралығында #АMANZHOLOVFUTURESTUDENT"байқауына   қатысыңыз!

Қатысу үшін  университеттің AMANZHOLOV_UNIVERSITY және VKGU_VKO инстаграм парақшаларында профиль тақырыбындағы сілтеме бойынша өтіңіз.

I кезең - Іріктеу

 (2021жылдың 12-25 сәуір аралығында):

1. www.vkgu.kz университет сайтында "Талапкерді тіркеу" 

бөлімінде тіркеліңіз.

Қазақ

«Эпиграф» баспасының «Қашықтан оқытудағы электрондық ресурстар» онлайн вебинары – 28-29 сәуір

Құрметті С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің оқытушылары мен студенттері!

Ғылыми кітапхана Сіздерді «Эпиграф» баспасының «Қашықтан оқытудағы электрондық ресурстар» тақырыбындағы онлайн вебинарына қатысуға шақырады. Вебинарда Сіздерге мультимедиалық оқулықтар платформасы мен электрондық кітапхана, порталдың функционалы көрсетіледі, ол мыналарды қамтиды: бейнедәрістер, тест материалдары, 3D - және 2D - анимациялар, сондай-ақ басқалар.

Қазақ

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына (Оңтүстік Корея) қатысу үшін студенттер конкурсына үміткерлермен онлайн кездесу – 23 сәуір

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына (Оңтүстік Корея) қатысу үшін студенттер конкурсына үміткерлермен онлайн кездесу – 23 сәуір

Құрметті студенттер!

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға конкурс жарияланады. Оңтүстік Кореяның серіктес университеттері С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенттерін 2021 жылдың күзгі семестрінде оқуға шақырады.

Қазақ

ШҚО мектептерінің 9 және 11 сынып оқушылары арасында «Құқық негіздері» пәні бойынша «Dura lex, sed lex» онлайн олимпиадасы – 20 сәуір

Ақпараттық хат

2021 жылдың 20 сәуір күні С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжі Шығыс Қазақстан облысы мектептерінің 9 және 11 сынып оқушылары арасында «Құқық негіздері» пәнінен «Dura lex, sed lex» атты облыстық онлайн олимпиада өткізеді.

Олимпиада мақсаты:

- Құқық негіздерін оқуға қызығушылықтарын арттыру;

- Гуманитарлық ғылымдарға қызығушылықты дамыту;

- Дарынды оқушыларды анықтау, білім қорын кеңейту

Қазақ

Экономика және құқық факультетінің әдістемелік онкүндігі – 5-16 сәуір

Экономика және құқық факультеті ағымдағы жылдың 5 сәуірінен 16 сәуіріне дейін әдістемелік онкүндік өткізеді.

Онкүндік Экономика және құқық факультеті оқытушыларының кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға жәрдемдесу, олардың кәсіби шеберлігін арттыру және заманауи білім беруді цифрландыру контексінде шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында өткізіледі.

Әдістемелік онкүндіктің міндеттері:

Қазақ

«Психология» мамандығының 30 жылдығына арналған онкүндік - 13-22 сәуір

С.Аманжолов атындағы ШҚУ КеАҚ Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы 2021 жылдың 13 мен 22 сәуір аралығында «Психология» мамандыңының 30-жылдығына орай декада өткізеді.

Декада бағдарламасында:

13 сәуір, 14.00. «Евразиялық психологиялық ғылым мен тәжірибесі: пәнаралық тенденциялар» пленарлы отырысы. ZOOM сілтемесі:  https://us02web.zoom.us/j/83927483693?pwd=YWJweCs3TEtKZ2xPR3puV3hUN0t1QT09

Қазақ

«Психология» мамандығының ашылуына 30 жыл толуына байланысты «Еуразиялық психологиялық ғылым және практика: пәнаралық үрдістер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция – 13-14 сәуір

«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ 2021 жылдың 13-14 сәуірінде «Психология» мамандығының ашылуына 30 жыл толуына байланысты «Еуразиялық психологиялық ғылым және практика: пәнаралық үрдістер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясының өткізілетіндігін хабарлайды.

Қазақ

Беттер

× You found a Typo