Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

1 қыркүйек – Білім күні

Құрметті бірінші курс студенттері!

Құрметті С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері, магистранттары, докторанттары!

Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен және Білім күнімен құттықтаймын!

Жаңа оқу жылымен біз университет тарихының жаңа парағын, жаңа жеңістер мен жетістіктердің 68-ші парағын ашқалы отырмыз!

Құрметті талапкерлер, енді Сіздер еліміздің Шығысындағы іргелі оқу ордасы – Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері атанып отырсыздар және Сіздер жоғары оқу орнын таңдауда кәсіби және ғылыми мансап жолындағы маңызды әрі дұрыс қадам жасадыңыздар.

Біздің университет – әлемдік және отандық рейтингтерде жетекші орынға ие, бай тарихы мен дәстүрі бар классикалық көпсалалы жоғары оқу орны.

Университет республикалық рейтингте еліміздің 130 жоғары оқу орны арасында 6-шы орынға ие, әлемдік рейтингте АА+ университеттер тобына, яғни жоғары сапалы мамандар даярлайтын жоғары оқу орындары қатарына енеді.

Университеттің білім беру бағдарламалары «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бағалауы бойынша бірінші орындарда. Жоғары оқу орнында Шығыс Қазақстан облысы мен еліміз үшін қажетті мамандықтар бойынша бакалавриат, магистратура және докторантураның 30-дан астам жаңа білім беру бағдарламалары ашылған. Жаңа білім беру бағдарламалары Сіздерге, болашақ мамандарға инновациялық мамандықты таңдауға және 100% жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

Құрметті бірінші курс студенттері, биыл біздің университетке барлық оқу түрлері бойынша 2 мыңнан астам жас оқуға түсті. Ерекше мақтаныш – бұл балалардың арасында «Алтын белгі» иегерлері көп, олардың саны биыл екі есеге артып, 89 адамды құрап отыр (2019 жылы – 63 адам), 100-ден астам студент – ерекше үлгідегі аттестат иегері (2019 жылы – 86), 50 студент – республикалық және өңірлік олимпиадалардың жеңімпазы.

Бірінші курсқа қабылданғандар арасында 600-ден астам адам бюджеттік орындарға түсті, оның ішінде 156-сы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К. Ахметовтің қолдауымен жергілікті атқарушы органдардың гранттарын алды. Университеттің Жоғары колледжіне 280-нен астам талапкер түсті.

Бүгінде университет білім алушыларының жалпы контингенті 8 мыңнан астам адамды құрайды.

Университеттің мақтанышы – спортшы студенттер! Спортшылардың ерен еңбегі арқасында біздің университет спортта республикалық және халықаралық деңгейде жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. 2020 жылы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ елдегі 130 жоғары оқу орны арасынан суырылып шығып, қысқы Универсиаданың жеңімпазы атанды.

Университет өзінің әлемдік деңгейдегі жеңістерге жетіп жүрген танымал спортшыларын мақтан тұтады. Олар аты аңызға айналған Олимпиада чемпиондары – Ольга Рыпакова, Алексей Полторанин, есімі Өскемен қаласындағы Спорт сарайына берілген Борис Александров, кикбоксингтен бес дүркін әлем чемпионы Асқар Можанов және басқалар.

Биылғы оқу жылында өткен жылмен салыстырғанда халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткерлер, халықаралық және азиялық жарыстардың жүлдегерлері екі есе көп түсіп отыр (2019 жылы – 32, 2020 – 85).

Міне, біздің жастарымыз соларға қарап, бой түзеулері керек! Спортшыларымызға жоғары спорттық жетістіктер тілейміз!

Бүгінгі таңда университет ұжымы жаңа ғылыми орталықтарды, кабинеттерді, зертханаларды, спорт нысандарын аша отырып, студенттерімізді оқытуға сапалы және жайлы жағдай жасау үшін табысты жұмыс істеуде, Қабанбай батыр атындағы әскери кафедра ашылды – мұның бәрі Сіздерге ғылыми және шығармашылық тұрғыда дамуға мүмкіндік береді. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ – білім алушылардың әртүрлі санаттарына әлеуметтік қолдау көрсететін әлеуметтік университет.

Дарынды және талантты оқушыларды қолдау үшін «Абай Құнанбаев атындағы шәкіртақы» (ай сайын 50 мың теңге) және «Сәрсен Аманжолов атындағы шәкіртақы» (25 мың теңге) енгізілді. Университет гранттары қатарында Қанипа Бітібаева атындағы грант, информатика, тарих, дене шынықтыру және спорт бойынша пәндік гранттар бар. Ең дарынды балалар арасында өтетін байқау жыл бойы стипендиаттарды анықтауға мүмкіндік береді, біз грант иегерлерін жеңістерімен құттықтаймыз.

Құрметті білім алушылар! Жаңа 2020 оқу жылы карантиндік шаралар мен санитарлық-эпидемиологиялық шектеулер жағдайында басталуда. COVID-19 пандемиясына байланысты әлемде және елімізде 2020-2021 оқу жылында оқыту қашықтан өтеді. Білім алушыларға көмектесу үшін университет сайтында виртуалды ректорат, виртуалды деканат құрылды. Университет бүгінде білім алушыларға пандемияның күрделі жағдайында сапалы білім алуға көмек көрсету үшін қолайлы жағдай жасауда.

Құрметті студенттер, мен университеттің барлық студенттерін жаңа оқу жылымен шын жүректен құттықтаймын. Біз Сіздермен бірге осы күрделі кезеңнің барлық сынын еңсеріп, оқу дәрісханаларында жүздесеміз деп үміттенемін. Сіздерге оқуда, ғылым мен шығармашылықта тың табыстар тілеймін. Ал Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен ұжымы Сіздердің табысты оқуларыңыз үшін бар күш-жігерлерін салатын болады.

Жоғары курс студенттерін жаңа білімді игеріп, болашақ кәсіпті меңгеруде барынша табан болуға шақырамын!

Құрметті оқытушылар мен қызметкерлер, Сіздердің жоғары кәсіби еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін және жаңа шығармашылық жетістіктер тілеймін. Кезекті оқу жылы – болашақ жетістіктеріміздің берік іргетасын қалайтын маңызды және өте жауапты жұмыс басталмақ.

Сіздерге мықты денсаулық, бақыт және амандық тілеймін!

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры, профессор М.Ә. Төлеген

 

 

Қазақ
× You found a Typo