Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

1 наурыз Алғыс айту күні

14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялаған болатын.

Бұл мереке Мемлекет басшысының Жарлығымен биыл екінші мәрте атап өтіліп отыр. Әрі екі датаның тұспа-тұс тойлануы тегін емес. Елбасы бұл күні барлық этностардың бір-біріне және оларды өз туғанындай қабылдап, мейірбандық танытқан қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өтуді ұсынған. 

Алғыс айту күні – қуғын-сүргінге ұшырап, аласапыран заманның тауқыметін тартқан халықтың рухани игілігі, кеңпейілділігі мен қайырымдылық дәстүрлеріне терең тағзым.  Қазақстан хақының бұл мерекені тойлауы жарасымды. Себебі, біздің елде 130-ға тарта ұлт пен ұлыс бірлікте пен ынтымақта өмір сүруде.

Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн. Президент Алғыс айту күні туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын Барлық этностардың бір біріне мейірбандық танытып, адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деп айтып өткен болатын. Осы күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні болады. Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.

Бүгінде  сан түрлі ұлт өкілдері желбіреген көк туымыздың астында бейбіт өмір кешуде. Көптеген адамдар барлық жағынан толық қамтамасыз етілген болса да, алғыс айта білмегені үшін рухани кедей болып жатады. Әрбір кішкентай жақсылық жасасаңыз да соған сай құрметке лайық екеніңізді ұмытпағаныңыз абзал. Ендеше бір-біріңізге құрмет жасап, рақмет айтып жүрейік.

 Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo