Алғыс айту күні – бұл елдің әр азаматының бірін-бірі құрметтеу күні.
Барлығымызды, барлық ұлттардың өкілдерін маңызды ұғымдардың бірі біріктіреді: «Біз – Қазақстан халқымыз. Біз бірміз және бұл – біздің күшіміз бен жетістігіміз!».
Қазақстандықтар көктемнің алғашқы күнін «рахмет» сөзімен қарсы алады. 1 наурызда жас, бірақ терең мағынасы бар мереке – Алғыс айту күні тойланады.
Алғыс айту күнін қазақ халқы алғаш рет 2016 жылы атап өтті.
Республика Президентінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №173 Жарлығымен Алғыс айту күні бекітілді.
Бұл – елдің бейбіт өміріне, барлық бағдарламаларды жүзеге асыруға, мемлекетіміздің өркендеуі мен сақталуына және халықтар арасындағы бірлікке қажет патриотизм, өзара түсіністік пен келісім, ынтымақтастық, мейірімділік пен алғыс, достық пен сенім мерекесі.
Құрметті оқырмандар, сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймыз! Сіздерге кітап оқуға, кітапханаға деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін рахмет айтамыз!
Ғылыми кітапхана
Ғылыми кітапхана