Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

1 сәуірден ШҚМУ-да құжат қабылдау науқаны басталды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ биыл бакалавриаттың 54, магистратураның 33, докторантураның 8 білім беру бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдайды.

1 сәуір мен 10 мамыр аралығында ШҚМУ-да қаңтар және наурыз айларында ҰБТ тапсырып, шекті балл алған осы жыл түлектерінің құжаттары қабылданады.

Сондай-ақ, ҰБТ-ға қатысу үшін өткен жылдар түлектері мен колледж түлектерінің құжаттарын қабылдау басталды.

ШҚМУ-да талапкерлерге арналған кеңес беру орталығы жұмыс істейді, бұл жерде талапкерлер жоғары оқу орны факультеттері, білім беру бағдарламалары, әлеуметтік қолдау шаралары, университетте оқудың артықшылықтары туралы толық, нақты ақпарат ала алады.

Қабылдау комиссиясы

Қазақ
× You found a Typo