Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні

Құрметті әріптестер, студенттер!

Қазақстан  Республикасы Тұңғыш Президентінің күні – шынайы ұлттық мерекеге айналған мемлекеттік мейрам. Осы күні біз Ұлт Көшбасшысының стратегиялық дарыны, даналығы және көрегендік қасиеті, мақсатқа жетудегі табандылығы арқасында мемлекетіміздің тәуелсіздік тарихы басталғанын, ал бүкіләлемдік саясатта «қазақстандық даму жолы» жаңа ұғымы пайда болғанын ерекше мақтанышпен ұғынамыз.

Мемлекет басшысы жаңа мемлекеттің болашағы үшін тарихи жауапкершілікті өз мойнына алды. Көшбасшының нақ осы бір өз халқы алдындағы жеке жауапкершілігі факторы еліміздің маңызды жетістіктеріне – бірлікке, тұрақтылыққа, ұдайы дамуға арқау болды.

Бүгінде қазақстандық халық Президент жүргізіп отырған реформаларды, бейбітшілік пен келісім саясатын толықтай қолдап отыр. Оның есімімен біз ел экономикасының тұрақтануы мен жаңғыруын, экономикалық серпін стратегиясын байланыстырамыз.

Тұңғыш Президенттің басшылығымен Қазақстан бәсекеге қабілетті адами капиталы және зияткер ұлты бар елге айналды.

Бізде 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясында, «Әлеуметтік жаңғыру: Жалпы Еңбек Қоғамына 20 қадам» бағдарламалық мақаласында көрініс тапқан ары қарайғы жолдың нақты бағыт-бағдарлары бар. Зияткерлік ұлт, еңбек адамы, инновациялық ой жаңа Қазақстанның басты құндылықтарына айналуда.

Мемлекет басшысының мұрындық болуымен әзірленген «Саламатты Қазақстан», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020», «Бизнестің жол каптасы-2020» әлеуметтік бағдарламалары әрбір азаматтың әл-ауқатын қамтуға бағытталған.

Қазақстанның «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу құқығына деген жеңісінің мәні айырықша, бұл әлемдік қауымдастықтың Мемлекет басшысының беделін, Қазақстан жетістіктерін, әлімдік ауқымдағы шараны өткізуге лайық орталық ретіндегі Елордамызды мойындауының дәлелі болып табылады.

Осының бәрі – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп отырған қазіргі қазақстандық саясаттың нақты табыстарының куәсі.

Баршаларыңызға береке, келісім, бірлік, Ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасын өркендету жолындағы барлық істеріңізге табыс тілейміз!

Ректорат

Қазақ
× You found a Typo