Құрметті әріптестер, студенттер, магистранттар, докторанттар, университет ардагерлері!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!
Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізген Қазақстанның жетістіктері еліміздің болашақтағы табыстарын да айқындайды.
Еліміздің Тұңғыш Президенті тарихқа тұғырлы тұлға ретінде, бүкіл ісі өз халқына, Отанына қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісі болып табылатын әлемдік ауқымдағы көрнекті саясаткер ретінде мәңгілікке енді.
Сіздерді шын жүректен мерекемен құттықтаймын!
Баршаңызға зор денсаулық, әр отбасына береке-бірлік пен амандық, мемлекетімізді одан әрі өркендету жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін!
С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры, профессор М.Ә. Төлеген