- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Тұңғыш Президент Күніне орай ШҚО-да «Ақ тілекпен, Елбасыға!» - «Наши поздравления – нашему Президенту!» атты ауқымды акциясы басталды. Аталған акция шеңберінде кез келген азамат www.kz1.kz сайтында өзінің ізгі тілектерін қалдыра алады.
Қазақстандықтардың қолдауына ие болған «Ақ тілекпен, Елбасыға!» - «Наши поздравления – нашему Президенту!» акциясы дәстүрлі түрде өткізілуде.
Кезекті бастама бүгін, Өскемен қаласында жіберілді.
Облыс орталығының тұрғындары Ұлт Көшбасшысына деген ізгі лебіздерін жаудыруда, айта кету керек, сайтта кез келген азамат өзінің құттықтау сөздерін қалдыра алады. Хабарландырулар 2016 жылдың 1 желтоқсанына дейін тәулік бойы қабылданады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы дәл осы сайтта 850-ден астам адам өздерінің тілектерін қалдырған болатын.
Баспасөз қызметі