Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«100 жаңа есім»: Альмира Жилқашинова Астанаға барады

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ өнертапқышы Альмира Жилқашинова дауыс беру нәтижесінде 11 шығысқазақстандық ішінде ең көп дауыс жинап, «100 жаңа есім» жобасы бойынша іріктеуден өтті.

«ЭКСПО-2017» көрмесінде ШҚМУ-дан физика-математика ғылымдарының кандидаты, инженер-зерттеушіАльмира Жилқашинова гибридті жел электр стансасының моделін көрсеткен. Жобаның өзге авторлары –Нұрлан Досмұрат және Досмұрат Жидехан. Өнертабысқа патент алынған. 

11 шығысқазақстандық Астанаға барып, Тұңғыш Президент күні Елбасымен кездеседі.

Елбасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында «100 жаңа есім» жобасын құруды ұсынған-ды. Жобаға Тәуелсіздік жылдары телегей табысқа жеткен тұлғалар енген.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo