Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

19 қыркүйек – Дүниежүзілік тазалық күні

19 қыркүйекте Қазақстан экологиялық ұйымдарының қауымдастығы «Дүниежүзілік тазалық күні» жыл сайынғы дүниежүзілік экологиялық акциясын өткізеді.

Дүниежүзілік тазалық күні (World cleanup day) – бұл тұрмыстық қатты қалдықтардың жаһандық проблемасымен күресуге бағытталған жыл сайынғы әлеуметтік іс-қимылдардың жаһандық бағдарламасы.

– Тек бірге ғана біз еліміздің әрбір өңірін жиналған қалдықтардан тазарта аламыз, сондай-ақ адамдардың қоршаған ортаның тазалығын сақтауға деген көзқарасын өзгерте аламыз және қоқысты одан әрі өңдеу үшін оны бөлек жинауды жаппай енгізуге серпін бере аламыз. Бұл күні бүкіл әлемнің еріктілері мен серіктестері біздің планетамызды қоқыстан тазарту үшін – жағажайларымыздан, өзендерімізден, ормандарымыз бен көшелерімізден қоқыс пен қалдықтарды шығару үшін жиналады, – деп хабарлады ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.

Пандемияға байланысты қалыптасқан жағдайға орай аталған акция барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізілетін болады.

Өңірдің барлық бей-жай емес азаматтарын қатысуға шақырылады. Қосымша сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады: 8 (775) 326-23-14.

Акцияға қатысу үшін жиын мына мекенжайда өтеді: Протозанов көшесі, 65, сағат 10.00. Анықтама телефоны: 87772886158, Ольга Ельчинская.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo