«Қайырымды іс жаса» акциясы шеңберінде ШҚМУ еріктілері аймақтық «Ана Үйі» қорына киім-кешектер берді, олар кейіннен ШҚО-ның балалар үйлеріне таратылатын болады.
Желтоқсанның 23-і күні С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-де студенттер үйлерінде тұратын студенттерге тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлімі, жастар ісі жөніндегі комитет, студенттер өз-өздерін басқару кеңесінің ұйымдастыруымен Жаңа жыл кеші болды.
21 желтоқсан күні жұмыс жоспарына сәйкес «Оқытудың белсенді әдістерін семинарлық және практикалық сабақтарда пайдалану» тақырыбы бойынша тұрақты жұмыс істейтін әдістемелік семинар өткізілді.
А.С. Пушкин атындағы кітапханада ШҚМУ-мен бірлесіп, облыстық офтальмологиялық орталық үшін арнайы дайындалған «Жаңа көзқарас» бейне фильмінің көрсетілімінің тұсаукесері өтті.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғарғы колледжінің студенттері жаңа жылдық кеш өткізді. Аталған кеш бағдарламасында музыкалық нөмірлер, би, қызықты сайыстар, өлеңдер қарастырылған.
2016 жылдың 15 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің акт залында "Қазақстан Республикасының үздік заңгері" номинациясы бойынша С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы Раxимбердин Қ.Қ. марапаттау рәсімі өтті.