7-9желтоқсан аралығында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Біліктілікті бекіту орталығында «ҚР әкімшілік кодексі, ҚР-ның кәсіпкерлік кодексі және орман шаруашылығында және жануарлар әлеміндегі ҚР заңнамасында өзгерістері, Жемқорлық мониторингі.
9 желтоқсан күні педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы, топ кураторы Г.К.Дюсембинова мен «Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі» мамандығының 1 курс студенттері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап «Тәуелсіздік–қасиет тұнған ұлы ұғым» атты кураторлық сағат өткізді.
Университет ректоры "Үштілді білім беру академиялық ұтқырлықты жоғарылату факторы ретінде Еуропа және Қазақстан тәжірибесі" тақырыбында өткен xалықаралық семинарға қатысты.
14-19 қараша аралығында сапа менеджменті, мониторинг және болжау бөлімі «Оқытушы студенттің көзқарасымен» атты online-сауалнама өткізді. Online-сауалнамаға барлық мамандықтардың іштей оқу бөлімінің 1-4 курс студенттері және 1-2 оқу жылындағы магистранттар қатысты және сабақ беретін профессорлық оқытушылық құрамның оқу үрдісі сапасының деңгейі анықталды.
Халықаралық ынтымақтастық және ғылыми жұмысы бойынша департамент директоры Саденова М. А., Пуссан ұлттық университетінің профессоры Санг Мей Ли және С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Химия» мамандығының магистранттары Оңтүстік Корея үкіметінің халықаралық ғылыми жобалар сайысының жеңімпаздары атанды.
Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізушілік кафедрасының доценті, з.ғ.к. М.И.Дячуктың жетекшілігімен «Құқықтану» мамандығының студентер тобы ҚР тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған Аймақтық құқықтық олимпиадада II орынды иеленді.
Мен С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 3 курс студенті және Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Батырбай Әбілxайыр Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған Елбасымыздың қатысуымен елордамыз Астана қаласында өткен Республикалық жастар форумына қатысып келдім.