Облыстың ең үлкен ЖОО-ларының үздік студенттері Астана қаласында өтетін "ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесіне, еріктілер ретінде қатысады.
Сараптау комиссиясының отырысының қорытындысы бойынша, академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша, 13 студент пен магистранттар Польша және Оңтүстік Корея елдеріне оқуға барады.
«Республикалық арнайы мектеп-интернат-олимпиадалық резервтегі колледжде» дене мәдениеті және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының өкілдері бітіруші түлектермен кездесу өткізді.
12 мамырында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Экономика және басқару» кафедрасының және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың «Экономика» кафедрасының оқытушылары бірігіп Аягөз қаласындағы №6 қазақ мектеп-интернатында іс-сапармен болып қайтты.
12 мамырында Шығыс Қазақстан облысы «Дарын» лагерінде педагогикалық мамандықтар бойынша ЖОО және колледж студенттері арасында «Тәлімгер-Вожатый Fest» облыстық фестивалі өтті.
15 сәуір күні Шымкент қаласында Францияның Қазақстандағы Елшілігі және Франциялық Альянс желілерінің ұйымдастыруымен 9-шы ұлттық француз әндері байқауы өз мәресіне жетті.
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс студенті Серікова Назеркені «Шығыс аруы - 2017» бас жүлдесін жеңіп алуымен құттықтаймыз.