ШҚМУ өкілі М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде өткен мұғалімдерді даярлаудың заманауи әдістері жөніндегі халықаралық семинарға қатысты.
«Имидж ШҚМУ» газетінің жаңа нөмірі - №4-5 шықты. Газетте – жаңалықтар, бірінші курс студенттерінің алғашқы оқу жылын қалай өткізгендері және жазды қалай өткізетіндері туралы материалдары, студенттің студент көзімен жасалған портреті.
«Ядролық физика» мамандығының 5 курс студенті Абылайхан Өтепов Эразмус+ бағдарламасы бойынша Севильи университетінде (Испания) магистратурада білім алуға шәкіртақы жеңіп алды.
Экономика ғылымдарының докторы, экономика және басқару кафедрасының профессоры А.А.Кайгородцев «G-Global үздік штабы» І республикалық конкурсының «Қазақстан экономикасы» тақырыбындағы үздік жарияланым» аталымында жеңімпаз атанды.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжінің «Құқықтану» мамандығы бойынша П 11Б тобының студенттері теориялық алған білімдерін тәжірибеде қолдану мақсатында Өскемен қаласы №2 сотының сот процестеріне қатысты.
Маусым айының 5-інен 14-іне дейінгі аралықта «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-оқу жылы магистранттары Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінен тағылымдамадан өтті.