Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

2018 ЖЫЛ НОМИНАЦИЯЛАРЫ

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрі бар. Осы жылы оқу орнында болған елеулі оқиғалар арқылы анықталған аталымдарды атай отырып, 2018 жылдың қорытындысын шығарайық.

Сонымен, 2018 жылы болған ШҚМУ-дағы негізгі оқиғалар, жыл аталымдары.

*Ғалым Сәрсен Аманжоловтың 115 жылдығы.

Жыл рейтингі

*«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы рейтингі қорытындысы бойынша С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Химия (білім беру)» және «Химия (жаратылыстану ғылымдары)» білім беру бағдарламалары бірінші үздік үштікке енді.

*С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақстан Республикасының ЖОО рейтингінде 58 оқу орнының арасында 8 орынға ие болды.

Мамандарды даярлау бағыты бойынша Институционалды рейтингте «Білім беру» бағыты бойынша - 8 орын; «Гуманитарлық ғылымдар» - 6 орын; «Әлеуметтік ғылымдар» - 6 орын, «Жаратылыстану ғылымдары» - 5 орын.

Білім беру бағдарламалары бойынша бакалавриат және магистратура мамандарын дайындау бағытындағы 18 білім беру бағдарламасы үздік үштік қатарына енді.

*Республикалық агенттік өткізген қазақстандық көпсалалы ЖОО-ры рейтингінде ШҚМУ 6 орынға ие болды.

*білім берудегі сапаны қамтамасыз ету тәуелсіз агенттігі еліміздің үздік оқу орындарының рейтінгін ұсынды. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ көпсалалы ЖОО арасында 7 орында.

*ШҚМУ-дың екі ғалымы ЖОО оқытушыларының бас рейтингісіне енді.

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) өткізген 2018 жылғы ұлттық рейтингтің жоғары оқу орындары оқытушыларының (ТОП-50) бас рейтингісіне енген С. Аманжолов атындағы ШҚМУ: Қылышқанов Манарбек Қалымұлы – 36 орын (1750), Квеглис Людмила Иосифовна – 39 орын (1600).

Құрметті профессор

*Танымал заңгер Ермек Әбдірасылов ШҚМУ-дың құрметті профессоры атанды.

* ҚР ЖОО-лар Ассоцияциясының Президенті, «Тұран» университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Р.А. Алшановқа «С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың құрметті профессоры» дипломы мен мантиясы табыс етілді.

Жыл оқиғасы

*ШҚМУ-де жаңа ректор тағайындалды - Мұхтар Әділбекұлы Төлеген.

*ШҚМУ «Академиялық адалдық лигасына» енді

Жыл дәрежесі

*Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушының бұйрығымен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлегенге «Құқықтану» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.

Жыл нысаны

*ШҚМУ-де Алтайдың археология және мәдени мұра мұражайы, «PARASAT»студенттерге қызмет көрсету орталығы, Латын графикасы орталығы, «Рухани Жаңғыру» гуманитарлық және саяси зерттеулер орталығы, Абай, Т. Әшімбаев кабинеттері, «Altai jastary» медиаорталығы ашылды.

*ШҚМУ-да «SANALY URPAQ» жобасын іске асыру бойынша фронт-офис ашылды.

Жыл қонағы

*Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да болды.

*ШҚМУ-да ҚХР бас консулының орынбасары Го Синьцяо мен ҚХР ғылым мен техника жөніндегі консулы Ми Гуйсюн болды.

*ҚР Білім және ғылым министрлігінің  жауапты хатшысы Арын Орсариев ШҚМУ-де болды

*Ұлы Витаутас атындағы университеттің (Литва) делегациясы ШҚМУ-ға іскерлік сапармен келді.

*Халықаралық студенттік қысқы мектеп аясында ШҚМУ-ға Алтай мемлекеттік университетінен делегация келді. Қырық шақты оқытушы мен студенттен тұратын делегацияның қатысуымен «Қазіргі заманғы заңтанудың өзекті мәселелері» дөңгелек үстелі өтті.

*ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары М.М. Магеррамов және Н.Г. Микаелян ШҚМУ оқытушыларымен және магистранттарымен кездесті.

* Алтай мемлекеттік университетінің заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Наталья Карлова ШҚМУ-де болды.

Жыл саны

* Биылғы жылы оқуға түсушілердің саны 2600 адамды құрады, оқу орны бойынша 6600 адамды құрады, олардың 1500-ы педагогикалық мамандықтарға тапсырған. Талапкерлер арасында 79-ы «Алтын Белгі» және ерекше аттестат иегерлері.

*Жоғары білімді қолжетімді ету үшін жаңа оқу жылында 9 жаңа білім беру бағдарламасы бакалавриат, 3 магистратура, 5 докторантура, 17 жаңа мамандықтар ашылды.

*29 сұранысқа ие мамандық бойынша С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де екінші жоғары білім алуға болады.

*қазіргі күні 60-қа жуық студент шетел оқу орындарында Германия, Венгрия, Польша, Португалия, Франция және Оңтүстік Корея елдерінде білім алды және 150-ден астам шетел студенті университетте білім алуда.

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ оқу жылында шетел профессорларын шақыру үшін 9 млн теңге көлемінде квота алды.

*ШҚМУ-де 215 магисрантқа диплом табысталды.

*Биылғы жылы ШҚМУ-ға 20 танымал қазақстандық спортшы оқуға түсті.

Жыл келісімі

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен «Инновациялық Еуразиялық университет» ЖШС білім беру қызметтерін көрсету саласында өзара ынтымақтастық туралы келісім жасасты.

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Татарстан Республикасының Ғылым академиясымен және А. Халиков атындағы Археология институтымен ғылыми ынтымақтастық туралы шарт жасасты.

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен «Taiburyl» Қоғамдық бірлестігі (Астана қ) арасында келісімге қол қойылды.

*білім беру саласында ШҚМУ мен Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университеті (Семей қ) келісімге отырды.

*ШҚМУ мен «Сырдария» университеті ЖШС (Жетісай қ., Оңтүстік Қазақстан облысы) білім беру қызметтері саласында келісімге отырды.

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Павлодар педагогикалық университеті білім беру қызметтері саласында келісімге отырды.

* С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті келісімге отырды.

* С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде білім беру қызметтері саласында келісімге отырды.

* С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен  І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті (Талдықорған қ) келісімге қол қойды.

Жыл меморандумы

* С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен  Коастал Карлина университеті (АҚШ) арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен University of Mostar (Босния) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

* С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Шопрон университетімен (Венгрия) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

*Меморандумға С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген мен Словак ауыл шаруашылығы университенінің ректоры (Нитра қаласы) Петер Белик қол қойды.

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген мен Phd доктор М. Танер Шенгюн (Фырат мемлекеттік университеті, Түркия) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

* ШҚМУ Катовица жоғарысилезиялық экономикалық университетімен (Польша) және Даугавпилс университетімен (Латвия) меморандум жасасты.

*ШҚМУ мен Медицина ғылымдарының университеті (Түркия) меморандумға қол қойды.

*С.Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ арасында запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындықты ұйымдастыру жөнінде ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

* С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Шяуляй университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

* С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Ұлы Витаутас атындағы университет ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

* С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Калинг өнеркәсіптік технологиялар институты (Үндістан) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

*ШҚМУ мен «Парасат» ҒТО» АҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М. Төлеген және «ALTAI» телерадиокешенінің директоры А. Жабағиева ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Жыл оқулықтары

*ШҚМУ ғалымдары облыс педагогтарына арнап «Өлкетану» кітабын шығарды.

*ШҚМУ ғалымдарымен облыс мектептері үшін бастауыш сыныптарға арналған «Біздің өлке-Шығыс Қазақстан» атласы шығарылды.

* ШҚМУ-да «Рухани жаңғыру» аясында басылған монографиялардың тұсаукесері өтті.

Жыл сыйлығы

*БҰҰ басқармасы ШҚМУ студенттері, магистранттары мен оқутушыларына кітаптар сыйға тартты.

*ШҚМУ ғалымдары А. Кайгородцев және Т. Абылайханов ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына электронды кітаптарды сыйға тартты.

Жыл шәкіртақысы

*алғаш рет дарынды студенттерді тарту үшін оқу орнында екі ай сайынғы шәкіртақы енгізілді. Олар Абай Құнанбаев атындағы (50 мың теңге) және Сәрсен Аманжолов атындағы (25 мың теңге).

Жыл марапаты

* Тарих, филология және халықаралық қатынас факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, Жоғары мектеп академигі, Өскемен қаласының құрметті азаматы Советқан Қабдуәлиұлы Игібаев өзінің 77 жасқа толған күнінде Абай атындағы алтын медальға ие болды.

*Қосымша білім беру жүйесінің 100 жылдығына орай экология және география кафедрасының доценті А.П. Цыгановқа балаларға қосымша білім беру жүйесіндегі, атап айтқанда Өскемендегі экобиоорталықтағы еңбегі үшін мерейтойлық медаль табыс етілді.

Жыл алғысы

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омардан «Таза аула» акциясына белсенді түрде қатысқандары үшін ШҚМУ студенттері мен оқытушылары алғыс хатпен марапатталды. 

Жыл ғалымы

* Жас ғалым, PhD докторы, ұжымдық қолданыстағы Ұлттық ғылыми зертхананың меңгерушісі, ШҚМУ-дыі физика және технология кафедрасының доценті Бауыржан Рахаділов «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысты.

Жыл жобасы

Биылғы жылы «Erasmus+» бағдарламасы бойынша Еуропаның 9 елінің қатысуымен ірі халықаралық жоба бастау алды.

Жыл гранты

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Porto университетімен (Португалия) және 23 елдің өзге университеттерімен бірге MOBILE Unlimited жобасын іске асыруға арналған Эразмус+ грантын жеңіп алды.

Жыл стартап жобасы

*Физика және технологиялар кафедрасының шебері, «Balausa» стартап жобасының авторы Нұрлан Досмұрат, «Stratup Bolashak: моя мечта» стартап жобалар байқауының финалына шықты. Ол Өскемен қаласында өнеркәсіп ашуды армандайды. Ғалым, ұлттық ертегілер мен мультфильмдер негізінде балаларға арналған ойыншықтар жасайды.

*ШҚМУ атынан екі жоба стартап жобалар республикалық байқауының финалына шықты.

Жыл дебюті

ШҚМУ командасы Минск қаласында өткен «Медиация будущего» атты ІІІ халықаралық студенттер байқауында ең үздік дебют марапатына ие болды.

Жыл байқауы

*БҒМ жыл сайын ұйымдастыратын студенттердің жаратылыстану-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, экономикалық ғылымдар бойынша үздік жұмыстарына арналған республикалық байқауда ШҚМУ студенттері 2 және 3 орындар алды.

Атап айтсақ, материалтану мамандығының 4 курс студенті Светлана Шелепова және сол мамандықтың 2 курс магистранты Анастасия Казначеева 2 орын иеленді.

Жобалары – «Ұшатын аппараттарда және медицинада қолданылатын композиттік материалдар жасау», жетекшісі – физика және технологиялар кафедрасының профессоры Л.И. Квеглис.

Материалтану мамандығының 2 курс студенті Владислав Тружников және «Ядролық физика» мамандығының 3 курс студенті Сергей  Герт 3 орын алды. Жобалары – «Ni3Al құрылымын зерттеу», жетекшілері – Л.И. Квеглис.

*Жоғары колледж студенттері «Болашақ заңгері-2018» байқауында жүлде алды.

*ШҚМУ командасы Startup Bolashak «Менің Арманым» байқауының жартылай финалына өтті.

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «ALTAI JASTARY» медиаорталығы медиа бизнес-жоспарлар байқауының жеңімпазы атанып отыр.

Жыл жаңалығы

Бірінші реті осы оқу жылынан бастап үштілділік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында төрт білім беру бағдарламасы бойынша ағылшын тілінде білім беру енгізілді.

Жыл кездесуі

*Қол күресінен әлемнің алты дүркін чемпионы Еркін Әлімжанов ШҚМУ студенттерінде қонақта болды.

 *Танымал қазақстандық журналист, публицист, ҚР Мемлекеттік премиясының лауреаты, Қазақстанның жазушылар Одағының төрағасы, жерлесіміз Есдәулет Ұлықбек ШҚМУ-де қонақта болды.

Жыл публицисті

*Заң ғылымдарының докторы, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың қылмыстық құқық және процесс кафедрасының профессоры Қ. Рахимбердин 2018 жылы БАҚ-да ақпараттандыру бойынша көш бастады.

Жыл дәрісі

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де PhD доктор, профессор, Firat университетінің геоморфолог ғалымы Мұстафа Шенгюн дәріс оқыды.

*ҚР ЖОО-лар ассоцияциясының президенті, профессор, «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанов ШҚМУ-де дәріс оқыды.

*Томск мемлекеттік университетінің (Ресей) профессоры, биология ғылымдарының докторы Андрей Бабенко биология кафедрасының студенттері мен магистранттарына екі апта дәріс оқыды.

 *Вроцлав ғылым және технологиялар университетінің (Польша, Вроцлав қ.) ғалымы, профессор Виелеба Войтек екі апта бойы ШҚМУ «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығының 1-4 курс студенттері, физика және технология кафедрасының магистранттары, докторанттары үшін дәрістер оқыды.

* Люблинск университетінің профессоры (Польша), әлемге танылған ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы Олександр Погребняк дәріс оқыды.

*АҚШ профессоры Нұршат Нұражы ШҚМУ студенттеріне дәріс оқыды.

Жыл тағайындауы

ШҚМУ түлегі (1994 жылы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды тәмамдаған, тарихшы) Қ.Р. Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Үкімімен Д. Калетаев Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.

Жыл түлектері

Алғаш рет ШҚМУ-де «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» әлеуметтік жобасы шеңберінде білім алып жатқан студенттер түлеп ұшты. 1143 түлектің, 134-і аталған бағдарлама бойынша.

Жыл түлегі

*Ресейлік басылымдар ӨКПИ түлегі Вадим Обуховтың туындыларынан тұратын 6 томдық жинақ шығаруды жоспарлауда. 10 жыл ішінде танымал қазақстандық журналист, публицист, жазушы, тарихшы Вадим Обухов Мәскеуде 6 қайталанбас монография шығарған.

*Танымал шетел ғалымы, профессор, материалтану саласының сарапшысы, физика-математика ғылымдарының докторы, Жаңа Зеландиядағы Optimech International  компаниясының бас инженері Андрей Савченко, ӨКПИ түлегі, 40 жылдан соң ШҚМУ-ға келіп, конференцияда баяндама жасады.

Жылдың халықаралық әріптестігі

*Нидерландыда «Erasmus+» халықаралық ғылыми-білім беру жобасының қатысушыларының координациялық жұмыс кездесуі өтті.

*ШҚМУ студенттері доктор Д. Ален және доктор У. Мэндидің жетекшілігімен Эрин Моран зерттеу жобасына қатысты.

* Юстус-Либиг Гиссен университетінің  (Германия) докторы,  профессор Йорн Аренс тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің студенттеріне мәдени әлеумет бойынша дәріс оқыды.

* Оңтүстік Кореяның Джионгсанг Ұлттық университетінің делегациясы қонақта болды.

* Ұлы Витаутас атындағы университет делегациясы (Литва) жұмыс сапарымен ШҚМУ-де болды.

*Костал Каролина университетінің (АҚШ) ғалымдары С. Аманжолов атындағы ШҚМУ профессорлық-оқытушылар құрамына семинар оқыды.

*Түркия мен Жапонияның ғалымдары ШҚМУ-де табиғи шикізатты қайта өңдеу мәселелерін талқылады.

Жыл басылымы

*Филология ғылымдарының кандидаты, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушысы Бердібек Бияровтың «Алтай. Алтын бесік» кітабы шықты.

*ШҚМУ ғалымдары «World of the Great Altai». «Үлкен Алтай әлемі». «Мир Большого Алтая» атты үш тілде журнал шығарды.

Жыл семинары

* «Картоптың жаңа сорттарын ойлап табу және ТМД елдеріндегі қордан іріктеу» семинары

* «Тұқым өндірісіне инновациялық биотехнология әдістерін енгізу» семинары

Жыл көрмесі

Студенттер оқу залында ШҚМУ профессоры Константин Прокоповтың авторлық фотокөрмесі өтті.

Жыл таныстырылымы

* Almaty Mini Maker Faire-2018 көрмесінде ШҚМУ журналист студенті Алишер Мишелев өзінің жобасын таныстырып шеберлік сағатын өткізді.

*Музыкалық білім кафедрасының аға оқытушысы У. Жүнісовтың әдістемелік және шығармашылық жұмыстарының таныстырылымы.

Жыл тұсаукесері

 «Как прошло EXPO-2017?» фильмінің көрсетілімі. Фильм авторы ШҚМУ студенті Алишер Мишелев.

Жыл кеңесшісі

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2 курс магистранты Руслан Исраилов «Жыл кеңесшісі-2018» байқауында гран-при иегері атанды.

«Жоғарғы колледж» жыл аруы

ШҚМУ Жоғарғы колледжі аруы – Екатерина Богданова, бірінші вице-ару Карина Кобжанова, екінші вице-ару Ксения Корякова.

Жыл айтысы

*Зайсан ауданының күндері шеңберінде өткен «Жайнай бер, жайқала бер, Жайсаң елім» аймақтық ақындар айтысында «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығының 3 курс студенті Жұлдызай Маратбек 1 орынды иеленіп, 700 мың теңге көлеміндегі сертификатты ұтып алды. Барлығы 16 ақын қатысты.

*Таңжарық Жолдыұлы атындағы арнайы марапатпен «журналистика» мамандығының 3 курс студенті Оразай Жеңісұлы халықаралық фестиваль шеңберінде өткен мүшайраға қатысқаны үшін марапатталды.

Жыл дарыны

*ШҚМУ-дың 1 курс студенті «Еңселі Елордам- рухани кең ортам» республикалық студенттер фестивалінде «Патриоттық әндер» номинациясы бойынша гран-при иегері атанды.

*ШҚМУ-дың «Шабыт» студенттер театры республикалық студенттер фестивалінде 2 орынға ие болды.

Жыл олимпиадасы

*ШҚМУ студенттерінен құралған команда «Қазақ тілі және әдебиеті» пәні бойынша республикалық олимпиадада 1 орынға ие болды.

* «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері Х республикалық студенттер олимпиадасында жалпыкомандалық 1 орынға ие болды.

*»Мектепке дейінгі білім және тәрбие» мамандығының студенттері ІХ республикалық олимпиадада 1 орынға ие болды.

Жыл акциясы

Экология және география кафедрасы жыл сайын сәуірдің үшінші сенбісінде өткізілетін «Бүкілқазақстандық орман отырғызу күніне» арналған шара ұйымдастырды.

Шара Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы бастамасымен, сонымен бірге Риддер орман шаруашылығы, Самырсын орман шаруашылығы және Алтай ботаникалық бағы қолдауымен жүзеге асырылды.

«Саябақтар маршы» – жыл сайын өтетін, ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды қолдау идеясы аясына табиғат жанашырларын біріктіретін халықаралық акция.

Жыл эссесі

*ШҚМУ-да 2 курс студенттері арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір жылдығына арналған жазбаша жұмыстар конкурсы өтті.

 1 орын: А. Қанатов, «Халықаралық қатынас» мамандығы, К. Алтынгадыс, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы.

Жыл фестивалі

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы «Әдеби Өскемен. Менің қаламның туристік бағыттары» атты алғашқы фестиваль өткізді.

Жыл турнирі

*ШҚМУ-де «VKGU CUP II» республикалық турнирі болды. Оған еліміздің түрлі қаласынан 32 адам қатысты.

Жыл құрылғысы

ШҚМУ-де ІТ мамандықтарда қолданылатын роботтар кешені жаңартылды.

Жыл демалысы

Алғаш рет ШҚМУ есебінен Ыстық көлдегі сауықтыру пансионатына жолдама ұйымдастырылды. Жолдамалар университетте көп жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан, жетістіктерімен көзге түскен қызметкерлерге берілді.

Жылдың спорттық жеңісі

*ЖТжТФ физика және технологиялар кафедрасының 2 курс студенті Полина Галитовская ШҚО-да өткен ел чемпионатында 3 орын алды. Полина Галитовская Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында өткен облыстық қол күресі сайысында 2 орын алды.

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері Мақсат Қаби мен Әйгерім Мұхамеджанова таэквондодан Азияның ашық чемпионатында (WTF) жүлдегер атанды.

Жыл спортшысы

ШҚМУ студенті Полина Галитовская ШҚО-да өткен қол күрестіруден Қазақстан чемпионатында 3 орынға ие болды.

 «Ең үздік куратор» 

«Физика» мамандығының 2 курс тобының кураторы Гүлжанат Ботабаева гран при иегері атанды.

 «Ең үздік академиялық топ»

 «Физика»мамандығының 3 курс студенттері үздік топ атанды  (куратор - М.С.Жапарова).

«Кәсіби топ»

 «Аударма ісі» мамандығының студенттері, 3 курс.

«Ұйымшыл топ»

 «Физика» мамандығының студенттері, 2 курс.

«Шығармашылық топ»

 «Материалтану» мамандығының студенттері, 3 курс.  

«Студенттік көктем-2018» 

«Студенттік көктем-2018» байқауы шеңберінде Экономика және құқық факультеті 1 орынды иеленді.

«Бірінші курс таланттары»

Байқауда Тарих, филология және халықаралық қатынас факультетінің студенттері жеңіске жетті. Олар кубок пен 100 мың теңге сертификатқа ие болды.

«Үздік жайдарман» аталымын «Десең иә» (ТФжХҚФ), «Үздік КВН» аталымын «Женсакая сумочка» (ЭжҚФ) командалары иеленді.

«Үздік көркемсөз» – ЭжҚФ, «Үздік бірегей жанр» – ППжМФ («Параллель» номері), «Алтын дауыс» – Венера Тілеубаева,  «Күміс дауыс» – Қырмызы Салауатова, «Үздік вокалдық дуэт» – ТФжХҚФ («Менімен биле» әні).

Би аталымдары төмендегідей бөлінді: «Үздік халық биі» – «Эстон биі» (ППжМФ), «Үздік эстрадалық би» – «В стиле Gatsby» (ЖҒжТФ), «Үздік әзіл би» – «Цирковые дети» нөмірі (ППжМФ), «Үздік спорттық би» – «Revolution» (ЭжҚФ), «Үздік заманауи би» – «We are the power» (ТФжХҚФ).

«Мистер Талант» аталымын Темірлан Теміртаев, «Мисс Талант» аталымын Аяулым Мұхаметқалиева иеленді, «Үздік конферансье» болып Талшын Нұрланова, Ислана Ластаева, Әсел  Ерікова, Қазыбек Тоқтарбаев атанды.

Сондай-ақ, қосымша аталымдар да болды: «Үздік бейнеролик» – «Экономы-семья» (ЭжҚФ), «Қазыларға арналған үздік бағдарлама дизайны» – ТФжХҚФ.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo