Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен облыс мектеп түлектері арасында Қазақстан тарихы бойынша олимпиада өтті.
Экономика және құқық факультетінде «Шығыс Қазақстандағы туризмнің жағдайы, оны дамыту және туризмдегі шығындарды есепке алудың ерекшеліктері» атты дөңгелек үстел өтті.
28 наурызда №29 орта мектеп базасында (Өскемен қ.) «Еліміздегі білім жүйесін жаңғырту жағдайында білім беру үрдісі қатысушыларының субъективтік ұстанымдары» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымындағы жаңалықтар» атты дөңгелек үстел өтті.
Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен «Рухани жаңғыру – ұлттық жаңғыру» атты студенттер арасындағы республикалық шығармашылық жұмыстар байқауына ШҚМУ «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері қатысты.
Экономика және басқару кафедрасының аға оқытушысы Ордабаева Майнур Айтказиновнаны "Маркетинг" мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алуымен құттықтаймыз!
Өскемен қаласы Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы ұйымдастырған Наурыз мерекесінде ШҚМУ дайындық орталығының тыңдаушысы, Моңғолия азаматы Мунхбат Пурэвсурэн жүлде иеленді.