С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Педагогика және психология» мамандығының 2-3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін бірінші курс студенттерін қабылдау рәсімі болып өтті.
Дене шынықтыру және спорт мамандығының 2 курс студенті Никита Соколов облыс құрамасының сапында Елбасы жүлдесіне арналған Халықтық ойындарға (Ақтау қ.) қатысып, үшінші орын иеленді.
27 қыркүйекте С.Аманжолов университетіне Қазақстандағы Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ким Дэ Сик келіп, университетіміздің ректоры Төлеген Мұхтар Әділбекұлымен кездесті.
СТЕМ-жобаларды ұсыну бағытында көшбасшы болып табылатын Риза (Германия) қаласындағы Вернер Гейзенберг атындағы мектеп гимназиясының өкілдері ШҚМУ-да болды.