Сіздерді келе жатқан 2019 жылмен құттықтаймын! Жаңа жыл – жаңарудың мерекесі! Мен баршаларыңызға шын жүректен толағай табыс, шығармашылық жетістіктер, тың жаңалықтар мен жеңісті сәттер тілеймін!
«Ең үздік ЖОО оқытушысы» атағы берілетін республикалық байқау қорытындыланды. «Ең үздік ЖОО оқытушысы» мәртебесеі 43 оқу орнының 200 мұғаліміне берілді.
ШҚМУ-да «Жылдың үздік факультеті», «Жылдың үздік кафедрасы», «Жылдың үздік оқытушысы», «Жылдың үздік зерттеушісі», «Жылдың үздік жас зерттеушісі», «Жылдың үздік әдіскері», «Жылдың үздік қызметкері» байқауының нәтижелері шығарылды.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы рейтингі қорытындысы бойынша С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Химия (білім беру)» және «Химия (жаратылыстану ғылымдары)» білім беру бағдарламалары бірінші үздік үштікке енді.
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінде «Жаңажылдық көңіл-күй», «Қолдан жасалған бірегей безендіру бұйымдары», «Жаңа жыл туралы ертегі», «Жаңа жылдағы қиял», «Сәндік дизайн кабинеті», «Жаңажылдық өрнектерр» аталымдары бойынша Жаңа жылға арналған кафедраның үздік дизайны жөнінен сайыс өтті.
Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрі бар. Осы жылы оқу орнында болған елеулі оқиғалар арқылы анықталған аталымдарды атай отырып, 2018 жылдың қорытындысын шығарайық.