2018 жылы осы бағдарлама аясында 15 мамандық бойынша оқыған алғашқы 134 студент диплом алған-ды.
«Педагогика», «Психология», «Дефектология», «Спорт», «Қазақ тілі», «Математика», «Физика», «Информатика», «Химия», «Биология», «Тарих», «География», «Шет тілі» және басқа да мамандықтар бойынша оқыған олар білім беру мекемелеріне жұмысқа орналасты.
2019 жылы қайта өндеу өндірісінің технологиясы, материалтану және жаңа материалдар технологиясы, қоршаған ортаны қорғау және өмір қауіпсіздігі, ақпараттық жүйелер мамандықтары бойынша білім алған жастар оқу ордасынан түлеп ұшпақ.
2018-2019 оқу жылында ШҚМУ-да «серпіндік» 172 студент аяқтайды деп күтілуде.
Баспасөз қызметі