30 қаңтарда С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен ШҚО білім басқармасының Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы алғаш рет ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертхана қызметкерлері Бауыржан Қорабайұлы Рахәділов пен Жанерке Амангелдіқызы Оспанова ТМД елдері жас ғалымдарының тағылымдамасы бойынша іріктеу кезеңінен өтті.
«Дарын» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ базасында 10-11 сынып оқушыларына арналған экономика бойынша республикалық турнирдің облыстық кезеңін өткізді.
Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-да «Erasmus+»: трансшекаралық су пайдаланудың тұрақтылығы мақсатындағы институционалды серіктестік: Ресей және Қазақстан»жобасына мониторинг жүргізілді.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілі Әзиза Өмірзақовамен кездесті.
Бүгін ШҚМУ-да өртсөндірушілер ғылыми кітапханадағы шартты өртті сөндірді. №1 оқу ғимаратында оқу жаттығуы өтті. ТЖ кезіндегі студенттердің, оқытушылардың, қызметкерлердің іс-әрекет тәртібі тексерілді.
C. Аманжолов атындағы ШҚМУ Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушылары №7 оқу ғимаратында мектеп оқушылары арасында информатика пәні бойынша облыстық олимпиада өткізді.