Дене шынықтыру және спорт кафедрасының 3 курс студенті Анастасия Огнева ел ЖОО-ларының Х жазғы Универсиадасында жазғы спорттық бағдарлаудан 3 орын алды.
Таяуда Өскеменде «Абай оқулары» атты көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы болып өтті. Байқауға С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Шабыт» студенттер театрының мүшелері қатысты.
Экономика және құқық факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Р. Орсаева «Қазақстандағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері» дөңгелек үстелін өткізді.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да мектепке дейінгі оқыту және тәрбие беру бойынша Х республикалық студенттік пәндік олимпиада салтанатты жабылып, қорытындысы шығарылды.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті химия кафедрасы облыстағы қазақ мектептері арасында XII «Химиялық калейдоскоп» жыл сайынғы турнирін өткізді.
Үкіметтік жұмыс тобы ШҚМУ-дың әлеуметтік серіктестері болып табылатын №46 орта мектепте және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Ақниет» мектеп-интернатында болды.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен «Аудармашы, кітапханашы, оқытушы, студент: қазақ тіліндегі 100 оқулық» республикалық форсайт-семинары өтті.