Білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттік (IQAA) 25 мамырда өткен Аккредиттеу кеңесі отырысының қорытындысы бойынша «С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК-ны 5 жыл мерзімге аккредиттеу» шешімі шығарылғанын хабарлады.
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Рухани жаңғыру» залында «Кеңес кезеніңдегі саяси қуған-сүргін құрбандары: зерттеулер мен естеліктер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да ұйымдастырылған тоталитарлық режимнің қасіреті, жаппай ашаршылық және халықтардың жер аударылуы туралы баяндайтын тарихи материалдар ұсынылған "Ауыр дәуірдің ауруы" атты көрмеге облыс әкімі Даниал Ахметов қатысты.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Ғылыми кеңес отырысы өтіп, онда 9 мәселе қаралды, олардың қатарында ШҚМУ әскери кафедрасына Қабанбай батыр есімін беру мәселесі де бар.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Қазақстан философиялық конгресі» Шығыс бөлімшесінің бастамасымен «Өркениетті таңдау мәдениеті және мәселесі» VI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау мекемесі С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжі студенттерінің Жидебай-Бөрілі мұражайына саяхатын ұйымдастырды.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасы аясында оқып жатқан студенттер университет ректорымен, «NUR OTAN» партиясының және мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесті.