Облыстық тілдерді дамыту басқармасы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Жоғары колледжінде «Емле ережелері когнитивті тәжірибесінің негіздері» атты акция өткізді.
Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы 60 жылдық мерейтойын атап өтуде. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледждегі қазақ тілі мен әдебиеті және аударма ісі мамандықтарының студенттері осыған байланысты салтанатты іс-шараларға қатысты.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген жыл сайынғы дәстүрге сай 1 курс студенттерімен кездесті. Кездесу факультеттер бойынша екіге бөлініп, екі уақытта өтті.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің таралуының алдын алу мақсатында облыстық дін басқармасы мамандары қатысатын ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының кестесі бекітілген.
23 қыркүйекте С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да туризм апталығы басталды. Экономика және басқару кафедрасының меңгерушісі Т.А.Абылайханова құттықтау сөзінде әлемдегі туристік саланың және Қазақстанның туристік индустриясына білікті мамандар дайындаудың маңызын атады.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ кітапханасы «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша қазақ тілінде шыққан оқулықтармен толықты. Былтыр аударылған 18 кітапқа тағы 30-сы қосылды.