Студенттердің бос уақытын тиімді пайдаланып, қоғамдық өмірге белсене атсалысуы үшін С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері бірінші курс студенттеріне ашық есік күнін жариялап, ант қабылдау рәсімін өткізді.
Премьер-министрдің орынбасары Б.М. Сапарбаев бастаған үкіметтік делегация С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың №5 оқу ғимаратында Өскемен қаласы жұртшылығымен кездесіп, Президент Қ.-Ж. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді.
Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың, өңірдегі мектептер мен колледждердің оқытушыларымен және білім басқармасы басшыларымен кездесті.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың ғылыми оқу залында «ИнфоТех&Сервис» серіктестігінің маманы Роман Вихляев «Параграф» ақпараттық жүйесін пайдалану бойынша шеберлік сағатын өткізді.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Психология, педагогика және мәдениет факультетінің студенттері суретші Мағауия Аманжоловты еске алуға және оның 70 жылдығына арналған «Көкжиексіз» көрмесіне барды.
Әлеуметтану ғылымының докторы, профессор, Үскідар университеті әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі (Ыстамбұл) Абульфаз Давуд оглы Сүлейманов ШҚМУ-дағы психология бойынша бір айлық дәрістерін аяқтады.