С. Аманжолов атындағы ШҚМУ қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенттері Жібек Әбенова, Балдырған Қалитова, Ұлжан Ержанова Абайдың 175 жылдығы мен Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай астанадағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті өткізген «Ұлы тұлғаларға тағзым» республикалық жас ақындар мүшәйрасына қатысты.