Ел аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 24 желтоқсандағы шешіміне сәйкес С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да 2020-2021 оқу жылының екінші семестрінде білім беру процесі 1 курс студенттері үшін аралас форматта ұйымдастырылады.
2-3 курс студенттері қашықтықтан білім алады, 4 курста дипломалды және кәсіби тәжірибелерді ұйымдастыру – қашықтықтан/аралас форматта (практика шартына және кәсіпорын-практика объектісінің қызметіне сәйкес).
Студенттер қашықтықтан оқытуды COVID-19 белгілері, өкпе пневмониясы немесе басқа вирустық аурулар болған жағдайда факультеттер кеңесі жанындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комиссия отырысында қаралатын өтініштер негізінде жалғастыра алады.
Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаменті