С.Аманжолов атындағы ШҚУ профессоры И.К. Мацкевич байқаудың барлық кезеңдерінен сәтті өтіп, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалары кеңсесіндегі Адами өлшем департаментінің сарапшылар/консультанттар тізіміне енгізілді.
С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс оқу жоспарларына жаңа нормативтік-құқықтық актілерге және ҚР БҒМ ұсынымдарына сәйкес жаңа пәндер тізбесі енгізілді.
Білім беру бағдарламалары бойынша білім сапасының көрсеткіштерінің бірі студенттердің оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) нәтижелері болып табылады.
Университеттің Ғылыми кеңесі 2020-2021 оқу жылына арналған бакалавриат (2-5 курс), магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша жаңа жұмыс оқу жоспарларын бекітті.
Жаңа оқу жылына дайындық және қашықтан оқыту аясында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде оқытушылардың бейнедәрістерін түсіру бойынша жұмыстар қарқын алып отыр.
2020-2021 оқу жылына арналған барлық білім беру бағдарламаларының оқу жоспарларына білім алушылардың зерттеу дағдыларын, болашақ педагогтардың сандық сауаттылығын дамытуға бағытталған пәндер қосылды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша жыл сайынғы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсының басталғанын хабарлайды.
ҰБТ электронды сертификаты және грантты иеленудің электронды куәлігі енгізілді. «Педагогикалық ғылымдарға» түсу баллы 70-ке дейін ұлғайды. ҰБТ баллдарына SAT, ACT, IB балдарының шкалалары енгізілді.