Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

2021 жылы IT-құзыреттілік орталығына жаңа міндеттер қойылып отыр

2020 жылдың соңында С. Аманжолов атындағы ШҚУ IT-құзыреттілік орталығы STEM-білім беруді дамытуға арналған серіктестік келісім аясында өнімділігі жоғары жаңа есептеу техникасымен толықты.

«The Future of Jobs 2020» дүниежүзілік экономикалық форумындағы сарапшылар баяндамалары, «Жаңа кәсіптер атласын» жасау бойынша форсайт топтарының жұмысы білім жүйесінің, әсіресе IT-саласының жаңа сын-қатерлерін көрсетті. 

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде IT-құзыреттілік орталығы жұмыс істей бастады. Орталықтың эксперименталдық зертханаларында кадрлардың сапасын жетілдірудің келесі түйінді мәселелері шешілуде – білім алушыларды кәсіби тәжірибелерден сапалы өтуге даярлау, шынайы кәсіби ортада бітірушілердің тез бейімделуін қамтамасыз ету, университеттің цифрландыру мәселелерін шешуге білім алушылардың потенциалын пайдалану, бейінді серіктестермен байланыстарды белсенді етіп, білім алушылардың IT-құзыреттіліктерін жоғарылату.

Орталықтың жұмысы университеттегі сандық технологиялар және үлгілеу зертханасы ғалымдарының зерттеу әлеуеті (Нұғыманова А.Б. – PhD, Байбөрин Е.М. – а.ғ.қ, Мәуліт А. – а.ғ.қ.), Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби дағдылары (Көбентаева С.Н., Қадырова А.С. – п.ғ.к., Тілебалдинова А.С. – PhD, Адиканова С. – PhD, Сыздықпаева А.Р. – т.ғ.к., Жантасова Ж.З. – т.ғ.к.), Ақпараттық техникалық қамтамасыз ету орталығының қызметтері (Ділдебай Б., Аққазин А., Хамитова З.Қ.), Цифрлы педагогика зертханасы педагогтарының (Завалко Н.А. – п.ғ.д., Игібаева А.К. – п.ғ.д., Радченко Н.А. – п.ғ.к., Бекбаева М.Ф.) тәжірибелерін біріктіру негізінде ұйымдастырылған. IT нарығындағы жетекші компаниялардың  ашықтығы, білім беру жүйесіне қолдау көрсетуге дайындығы жұмыс берушілер жағынан жақсы көмек болып отыр.

Жетекші IT-қауымдастықтармен ынтымақтастық жағдайда құзіреттіліктер орталықтары білім сапасын арттыру мақсатымен Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ өз техникалық және технологиялық құрал-жабдықтар кешенін әрдайым жаңартып келеді. Оның дәлелінің біреуі Дүниежүзілік банктің қолдауымен жүзеге асырылған университет пен БҒМ арасындағы жоба аясында 2019 жылы «Robolab» оқу зертханасының жабдықталуы. Толығымен жабдықталған Robolab роботты техника зертханасында қажетті құралдар мен техникалық оқу құралдары бар және дайын робот жинақтарын өз бөліктерімен жасап толықтыруға мүмкіндік береді. Бұл конструкторлардың бірегейлігі мынада – әртүрлі жиынтықтардың бөліктерін біріктіру арқылы сіз қолданбалы есептерді шешуге қажетті кез келген күрделіліктің және көрсетілген дәлдіктің әртүрлі модельдерін жасай аласыз.

2020 жылдың аяғында Құзыреттілік орталығының жабдықтары STEM білім беруді дамыту бойынша серіктестік келісімі аясында өнімділігі жоғары жаңа есептеу техникасымен жабдықталды.

STEM білім беру тәсілдерінің бір бағыты – бұл STEM сауаттылығы мен жаһандық экономикадағы бәсекеге қабілеттіліктің дамуына ықпал ете отырып, мектеп, қоғам, еңбек және бүкіл әлем арасында тұрақты байланыс құру. Бұл жоба үшін «STEM білім беру» жаңа магистрлік бағдарламасы әзірлену сатысында, оған сәйкес 2021 жылынан бастап магистранттарды даярлау жоспарлануда.

Егер Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) өткізетін Қазақстан Республикасы ЖОО талап етілуінің Ұлттық рейтингі – 2019 бойынша  «7M01501-Информатика» магистрлік бағдарламасы 1-ші орынға ие болса, ағымдағы жылдың соңы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өткізген 2020 жылғы білім беру бағдарламаларының рейтингісінің қорытындысы бойынша  «6В01501-Информатика» бакалавриат бағдарламасы көшбасшылар үздігіне еніп қуантты. Ол жоспарланып отырған магистрлік бағдарламамызға бітірушілер қатарынан сапалы жиын жасауымызға мүмкіндік береді.

Алда біз бүгін көп еститін жаңа технологиялар тұр – жасанды интеллект, үлкен деректер, виртуалды шындық, заттар интернеті. Ақпараттық қауіпсіздіктің барлық көріністеріне ерекше көңіл бөлінуде.

Осы жағдайда білім беру саласының басты міндеті – ІТ-нарықтағы компанияларға жақсы кадрлармен қамтамасыз етілетініне сенімділік беру.

IT-құзыреттіліктер орталығы,

Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы

 

Қазақ
× You found a Typo