Наурыз 2021

ШҚУ-да қоршаған ортаны қорғау және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі бойынша аймақтық пәндік олимпиада өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» бойынша оқушыларға арналған аймақтық пәндік онлайн олимпиада өтті.

Қазақ

ШҚУ-да облыстың мектеп мұғалімдері мен оқушыларына арналған күрделі есептерді шешу әдістері бойынша онлайн сабақ өтті

«Таңдау жаса!» кәсіптік бағдар беру апталығы аясында мектеп мұғалімдері және 11 сынып оқушыларының қатысуымен «Математикалық есептерді тиімді әрі жеңіл шешу әдістері» атты онлайн сабақ өтті.

Қазақ

ШҚУ-да ««Жастар ғылым мен білімді шыңдаған, тәрбиемен ұштастырған болашақтың кепілі» атты облыстық студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да онлайн режимінде колледждің тұңғыш директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Серік Зайтанұлы Тайбағаровты еске алуға арналған «Жастар ғылшым мен білімді шыңдаған, тәрбиемен ұштастырған болашақтың кепілі»  атты облыстық студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті.

Қазақ

ШҚУ студенті Дилан Қапанов ашихара каратэдан ел чемпионы атанды

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Педагогика, психология және мәдениет факультеті ДШжСТмӘ кафедрасының 3 курс студенті Дилан Капанов ашихара каратэден ел чемпионатында 1 орын алды. 

Қазақ

Бесінші рет ел чемпионы атанған «Алтай» командасының екі волейболшысы ШҚУ-да білім алуда

«Алтай» әйелдер командасының волейболшылары Қазақстан Республикасының тұрақты чемпионатынан бес дүркін чемпион болып оралды. Командада С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың екі студенті бар, олар – Мәдина Бекет және Динара Сыздықова. 

Қазақ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың 2020-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын әзірлеу үшін шетелдік озық жоғары оқу орындарының тәжірибесі қолданылды

ЖОО-да «С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың 2020-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы» әзірленген, оның талдау бөлігі әлемдік сын-тегеуріндерге назар аударуға және университетті трансформациялау бағыттарын болжауға мүмкіндік беретін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) баяндамаларын талдау негізінде құрылған.

Қазақ

ШҚУ-да Ғылыми кеңестің наурыз айындағы отырысы өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да жоғары оқу орнының ректоры М.Ә. Төлегеннің төрағалығымен университеттің Ғылыми кеңесінің отырысы өтіп, оның барысында 15 мәселе қаралды.

Қазақ

Математика кафедрасының оқытушылары студенттерге арналған «Математика әлемінде» онлайн сайысын өткізді

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында Математика кафедрасының оқытушылары кәсіби құзіреттіліктерді дамыту мақсатында «Математика әлемінде» атты онлайн интеллектуалды сайыс өткізді.

Қазақ

ШҚУ профессоры А. Алексеенко АлтМУ-дың Жас түркітанушылар мен алтайтанушылар халықаралық мектебінің сессиясына қатысты

С. Аманжолов атындағы ШҚУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы, «Алтайтану» ҒЗО-ның бас ғылыми қызметкері А.Н. Алексеенко АлтМУ-дағы (Барнаул қ., Ресей) Жас ғалымдар – түркітанушылар мен алтайтанушылар халықаралық мектебінің көктемгі сессиясына қатысты.

Қазақ

ШҚУ-да «STEM-білімге интегративті көзқарас» атты халықаралық онлайн вебинар өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да үш елдің – Қазақстан, Ресей және Финляндия өкілдерінің қатысуымен университет ұйымдастырған «STEM-білімге интегративті көзқарас» атты екі күндік халықаралық онлайн вебинар өтті.

Қазақ

Беттер

× You found a Typo