Биыл философия ғылымдарының кандидаты, профессор Геннадий Иванович Мостовенко 70 толып отыр. Көпжылдық еңбегі мен оқу орнын дамытуға қосқан үлесі үшін оған С. Аманжолов алтын медалі табысталды.
Мерейтой иесін С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор М.Ә. Төлеген құттықтады:
-Құрметті Геннадий Иванович! Университет ұжымы атынан Сізді мерейтойыңызбен құттықтаймын! Оқу орнымыздың дамуына қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз. Сіздің қатысуыңызбен Өскемен пединституты университет атанды, беделі артты. Ғалым әрі ұстаз ретіндегі еңбегіңіз де зор. Шын жүректен сізге мықты денсаулық, отбасыңызға құт-береке тілеймін! – деді ректор.
Ректорат