Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

27 желтоқсан – есімі университетке берілген ғалым Сәрсен Аманжоловтың туған күні

27 желтоқсанда белгілі лингвист-түрколог Сәрсен Аманжоловтың туғанына 117 жыл толды. 2003 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне қазақ тіл білімінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор С. Аманжоловтың есімі берілді.

2004 жылы Алтай Сәрсенұлы Аманжолов өзінің жеке коллекциясындағы әкесі Сәрсен Аманжоловқа тиесілі 659 кітапты университет кітапханасына сыйға тартты. Аманжоловтар отбасының жеке кітаптарын кітапханаға тапсыру фактісі – университет үшін үлкен құрмет, бұл кітаптар кітапхана қорының құнды қазынасына айналды.

Бірегей коллекция студенттер, оқытушылар, магистранттар сұранысына ие. Бірнеше жыл бұрын ең құнды және ерекше сұралатын басылымдарды сканерлеу басталды. С. Аманжоловтың коллекциясындағы кітаптар – бұл филология саласындағы зерттеушілер үшін нағыз қазына!

Бірегей басылымдармен «Сирек кітаптар» деректер қорын ашып, «С. Аманжолов кітапханасы» кілт сөзін теріп, таныса аласыз. Кітаптардың электронды нұсқаларымен ШҚУ Ғылыми кітапханасының сайтындағы (https://library.vkgu.kz/) «РУХАНИЯТ»  электронды кітапханасының деректер базасында таныса аласыз.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo